Categories: Саясат

Цзиньпин өзі байқамай, қазақ билігінің артын ашты

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында екі елдің қарым-қатынасы туралы көлемді жазған екен.

Мақалада көңілге қонымды жақсы дүниелер жазылған.

«Қытай мен Қазақстан тату көрші, шынайы дос және сенімді серіктес», дейді. «Мыңдаған жылдар бойы достық қарым-қатынасын үзбеген екі ел халқы Ұлы Жібек жолы дәуірінің куәсі болған», дейді.

Сонымен бірге мақалада

өткен 2021 жылы екіжақты тауар айналымы 25 млрд долларды құрап, пандемияға дейінгі тұрақты деңгейді сақтап қала алды,

дейді ол.

Алайда Қазақстанның статистика бюросы мүлдем басқа сандарды береді.

Біздің ресми есеп-қисапта 2021 жылы екіжақты тауар айналымы тек 18 млрд долларды құраған!

«Сонда 7 млрд доллар қайда кетті», деген сауал тастайды желіде сарапшы Қазбек Бейсебаев.

Мен біздің статистикаға емес, Си жолдасқа көбірек сенемін бұл мәселеде. Статистика агенттігінен келген премьер-министріміз осы бір сан айырмашылығына қатысты түсініктеме бере ме екен,

деп жазады Бейсебаев.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

16 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

18 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago