Отандасымыз кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткен титулдық жекпе-жегі нокаутпен аяқталды. WBA World титулы үшін жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді. Бірақ жекпе-жектің аяқталуына санаулы сәт қалғанда кубалық боксшы Давид Моррель Айдос Ербосынұлын нокаутқа жіберді.
Салдарынан Айдос жексенбіде медициналық комаға түсіп, миға қан кету диагнозы қойылды. Ал жексенбі кешкісін оған АҚШ ауруханаларының бірінде ота жасалғаны хабарланды.
Дүйсенбі БАҚ шулай бастаған соң боксшының промоутерлері Suleimen Promotions мәлімдеме жариялады. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ екенін айтқан.
Әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектен кейін Айдос Ербосынұлы Миннеаполистегі ең үздік клиникаға орналастырылды. Дәрігерлердің айтуынша, өміріне қауіп жоқ, ол шамамен 2 апта бойы бақыланады. Спортшының жеке өміріне қатысты болғандықтан, біз толыққанды ақпарат тарата алмаймыз,
делінген хабарламада.
Сондай-ақ промоутерлер БАҚ-та түрлі алып-қашпа әңгімелер тарағанын және теріс ақпарат беріліп жатқанын айтқан. Сондықтан тек олар тарататын ресми мәлімдемелерге жүгінуді сұрайды. Олар Айдостың ата-анасы мен жақындарын АҚШ-қа алдыртпақшы.
Әйгілі промоутер Лу ДиБелла бұл оқиғаға қатысушыларды сынға алғанын жазады Tengrinews.kz.
Моррелдің жекпе-жегі мен оның Ермосынұлының ауыр нокаутын жаңа ғана көрдім, БҰЛАЙ ЕШҚАШАН БОЛМАУЫ КЕРЕК ЕДІ. Реферидің, рингтегі дәрігердің немесе бұрыштың не қажеті бар, егер мұндай миды жарақаттайтын қатыгездік жалғаса берсе,
деп жазды промоутер.
Кейін маман рингтен зембілмен алып кеткен қазақстандықты қолдауға шақырды.
Айдос Ербосынұлы үшін дұға жасайық. Оған біздің дұғаларымыз бен емдік энергиямыз қажет. Кешегі жекпе-жектің ортасында-ақ осыны болжауға болар еді, оны көрудің өзі қорқынышты болды,
деп қосты ДиБелла.
Инсайдер Дэн Каноббио әлемдік титул үшін жекпе-жектен кейін қазақстандық неге ауыр зардап алғанын түсіндіруге тырысқан.
«Ерғосынұлы өте қауіпті соққыға жығылды. Қорқынышты, қорқынышты нәрселер болып жатыр», — деді ол. — Айдос Ербосынұлы туралы әлі де ойлап отырмын. Ол тоғызыншы раундтан бастап шамадан тыс соққы алды.
Барлық белгілер айқын болды. Моррелл оған бұрышқа жетуге көмектесті. Оттегі кигізбеді. Дәл осындай қателіктер апта сайын қайталанады».
Титулдық жекпе-жектің бұлай аяқталуына ресейліктер де алаңдаушылығын білдірді. Спорт сарапшысы Денис Дорофеевтің пікірінше, қарсыласудың басында-ақ шайқасқа араласуға болар еді.
Айдос берілмеді және соңына дейін баруға тырысты. Көп соққыны жіберіп алды. Сегізінші раундтан кейінгі Айдостың жағдайы нашарлай бастағаны көрініп тұрды, бірақ секунданттар мұны байқамағандай оны соққылар жинауға аттандыра берді. 12-ші раундқа дейін Моррелл барлық төрешілерде 110-99, 108-101, 110-99 есебімен жеңіліп жатқан.
Соққылар статистикасын қарасақ, Моррелдің Айдосқа қарағанда үш есе дәл соққы және екі есе күшті соққы жасағанын көреміз. Сонымен қатар, соңғы раундта чемпионның пайдасына 18-1 болды. Өкінішке қарай, секунданттардың өз жауынгеріне деген шексіз сенімі, судьяның қабілетсіз жұмысы және дәрігердің толық әрекетсіздігі қазақстандық жауынгерді жасанды комаға түсірді. Айдос Ербосынұлы одан шығады деп үміттенейік,
деп аяқтады автор.
Жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Джордж Камбосос та Ербосынұлын қолдады.
«Күресуді жалғастыр, чемпион!» — деп жазды австралиялық қазақстандықтың суретін жариялап.
Аты аңызға айналған Мұхаммед Әлидің немересі америкалық орта салмақтағы боксшы Нико Әли Уолш бокс жанкүйерлерінен көмек сұрады.
Мұсылман ағам Айдос Ербосынұлына тезірек сауығып кетуі үшін көптеп дұға жасайықшы,
деп жазды Уолш Twitter-де.
БАҚ-тың хабарлауынша, мексикалық жұлдыз Саул Канело Альварес те Айдосқа қолпаштау хабарламасын жіберген.
Сондай-ақ бүгін Геннадий Головкин Ербосынұлына тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, бауырларына күш-қуат тіледі. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады.
Әнші Димаш Құдайберген де Instagram парақшасында жазба жариялап, боксшының тезірек сауығып кетуін тіледі.
Қазақтың нағыз намысты жігіті! Алла шипасын берсін. Тезірек сауығып, отбасың мен еліңді қуантуға жазсын. Дұғадамыз,
деп жазды әнші.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…