Categories: Қоғам

«Дүние деп іші күйеді»: Елімізде қыз жасауы мен қалыңмалды қайтару деректері көбейген

Жастардың дәм-тұзы жараспай ажырасып жатқандар жайлы көп айттық. Соңғы жылдары дүние-мүлік былай тұрсын, қыз жасауы мен қалыңмалды қайтару деректері көбейіпті. Заңдастырылмаған дәстүр даулары қалай шешіледі? Заңгерлердің бұған қатысты пікірі қандай? Бұл туралы Еуразия арнасының сюжетінде көрсетілді. 

Телеарна хабарлауынша, ең сорақысы сыйлық ретінде берілген қаражат құдалар арасында кәдімгідей дауға ұласқан. Қала тұрғыны Үміт Дүйсенованың сөзінше, қазір ажырасу былай тұрсын, екі отбасы арасында дәстүрге қатысты жанжалдар көбейген. 

Дүние – көздің құрты дейді. «Қалыңмал беріп қойдым» деп іші күйіп жатады. Бұл жерде мәселе адамдардың адамгершілігіне байланысты,

дейді ол.

Әлеуметтік желіде де қалыңмалды қайтару мәселесі қызу талқыланып жатыр. Халықтың да пікірі қақ жарылған. Біреуі қалың малды қайтару дұрыс десе, «ажырассаң да қалдырған дұрыс» дейді. 

Ал Фемида өкілдерінің айтуынша, қалыңмал заңдастырылмаған дәстүр. 

Заң жүзінде заңдастырылмай келеді. Себебі қалыңмалды адам өз еркімен, өз ойымен береді. Сомасының қаншалықты болатынын әрбір азамат өздері анықтайды,

дейді заңгер Мерхат Ахметолдин.

Қысқасы, қанша жерден қалыңмалды қайтарамын деп тыраштанса да, мүмкін емес процесс дейді. 

Заң тұрғысынан, қалыңмалды ешқашан қайтарып алу мүмкін емес. Екіншіден, қалыңмал бойынша келісімшарт қазіргі заңда көрсетілмеген. Егер келісімшарт жоқ болса өзара ажырасқаннан кейін егер де кейбір жағдайлар бойынша қайтару керек болса да, алу мүмкін емес,

дейді Мерхат Ахметолдин.

Сандарға сенсек, 2022 жылы 129 707 жұп некеге тұрса, 51 220 жұп ажырасқан. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago