Қоғам

Дүниенің артынан қуып, адам адаммен араласудан қалды

«Қазір адамдар “мұрнынан қан кеткенше” жұмыс істеп жүр. Бірнеше жұмыста. Көбі демалыссыз, дұрыс ұйқысыз, күлкісіз. Аялдауға, тоқтауға, баласына, жанындағы адамдарға қарауға уақыты жоқ. Бар ма, аман ба, жүр ма, болды. Олармен “фонмен” өмір сүріп жатыр. Басын бір көтерсе дүйсенбі, бір көтерсе сенбі».

Блогер Жанар Шәмел әлемдегі сатып алуға деген құмарлықтың өршіп тұрғанына назар аударды. Дүниенің артынан қуамын деп халық демалысты ұмытты, дамылдауға уақыты жоқ.

Өнім өндірушілер жұманың қарасы, түрлі трендтер, сән индустриясы арқылы бізге күн, түн өздерінің өнімін жарнамалап, тықпалап әлек. Қайда қарасаң қызған сауда. Біз айналма қойдың миын жеген адамдай трендтердің соңында соқыр, саңырау кетіп барамыз. Ол зат керек болмауы да мүмкін, бірақ түрлі, түсініксіз себептермен міндетті түрде алуымыз керек. Ол үшін кредитке де кіреміз. Себептер мың түрлі: бәсеке, самооценааны өсіру, мақтану, біреудің көңілін табу, жұрттан қалмау, моды тб. Шын қажеттілік аз болуы ықтимал,

деп жазды Жанар Шәмел.

Адамдардың “сатып алу” дертіне әбден шалдыққанын біліп алған алаяқтар да дамылдап жатқан жоқ, саудадағы “алтын тәжден” дәмелі олар, заманынан қалыспай, алдау, арбаудың небір қитұртқы тәсілін ойлап табуда.

Жанар Шәмел өте қажетті дүниелерді қоспағанда адам баласында шындап келгенде көп дүние керек жоғын айтады. Алайда оны ұғатын түйсік ұйқыда: маркетинг, жарнама біздің өмірімізді өз қолына алған. Не ішіп, не қоятынымыз, не киіп, қайда бару керегін сол шешеді. Адамдар тек ере береді.

Адамға керегі қарапайым достық, денсаулық, махаббат, қарым-қатынас, назар. Бірақ онымен көбінің шаруасы жоқ. Оны бәрі біткенде іздейді. Қазір барлығы ақша табу, оған бірдеңе сатып алу деген біреудің жоспарымен қайтып келмейтін күндерді оңды-солды таратып жатыр. Біз заттармен емес, адамдармен өмір сүру үшін келген едік. Дүние дүниеге толды. Адамға мұнша дүние қажет емес. Адамға адам керек, жылы қарым-қатынас қажет,

дейді блогер.

Қарым-қатынастың аздығынан адам бірдеңе сатып ала береді. Жоқты жамауға тырысады. Алайда рухани аштық онымен жамалуы екіталай. Сатып алған сайын адам адамнан алшақтап барады.
Сана ояну керек! Әр адам тек өз жоспарымен өмір сүруі керек. Трендте — саналы өмір болуы қажет. Сонда сапалы өмір болады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago