Фото: ашық дереккөзден
Алматының автобус жүргізушілері әбден шектен шықты. Жазалаудың, бақылаудың жоқтығынан ба?
Алматы тұрғындары автобуспен жүруден қорқып қалған. Әсіресе,
25-троллейбус пен 118-автобус
жүргізушілеріне қала тұрғындарынан, оның ішінде мектеп оқушыларынан шағым түсті. Таңертең оқушылар мінетін автобустың жүргізушілері қауіпсіздік ережелерін сақтамай, жол бойы айқайлап телефонмен сөйлеседі екен. Одан бөлек жолаушыларға дөрекілік танытатын көрінеді.
Неге жаза қолданылмайды?
Бұл сұрақты жақында Ерболат Досаевқа қойған. Әкімнің айтуынша, қалада мемлекеттік оператор біреу – «Алматыэлектротранс». Қалған 24 оператор жекеменшік. Көбінесе осы жекеменшік тасымалдаушыларға шағым түседі.
Президент автобус жүргізушілеріне жауапкершілік жүктеп, құқық бұзушыларға жаза қолданылсын деген. Бұл тапсырма орындалмады.
Бұдан бөлек, жүргізуші болғысы келетіндер жоқтың қасы. Оларға жағдай жасалмаған, 80 пайызы қала сыртында тұрады.
Енді түсінікті болды. Амалдың жоқтығынан жүргізуші болып жүрген олардан енді не күтеміз?
Тым болмаса, дөрекіліктен арылтып, телефондарын алып қоятын заң шығару керек сияқты. Осындай жауапкершіліктің жоғынан Шымкент қаласында сұмдық жағдай орын алған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында жүргізушісі жоқ автобус 6 адамды қағып кеткен болатын. Салдарынан 5 адам көз жұмып, 1 адам жарақат алды. Ал автобусты қараусыз қалдырған 49 жастағы жүргізуші өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді.
Бүгін сол жүргізуші 5 жылға сотталып кетті.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…