Categories: Оқиға

Дәретханада бал өнімдерін дайындаған ер адам ұсталды

15 қаңтар күні Атырау қалалық Полиция басқармасының №2 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлеріне Орталық ықшам ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен жағымсыз иіс шығатыны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған факті бойынша учаскелік полиция қызметкерлері келіп, пәтер ішін тексеру барысында Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны заңсыз бал өнімдерін жасап, сауда орындарына сатып жүргендігін анықтаған. 35 жастағы азаматтың жалдамалы пәтер ішінде санитарлық талаптарды сақтамай, пәтердің едені мен жуынатын бөлмесінде бал өнімдерін дайындап және бұл кәсіппен тиісті кәсіпкерлік рұқсат құжаттарсыз айналысып жатқандығы белгілі болды.

Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталып, Атырау қаласының санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасы мен Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

1 неделя ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago