Categories: Оқиға

«Дәретханадан пышақ пен балта ұстап шықты». СҚО-да үш оқушыны жаралаған бала жайлы тың мәлімет шықты

Оқиға бүгін, яғни 13 ақпан күні №4 мектепте таңғы сағат 7.50-де болған.

Петропавлда орта мектеп оқушысының балта мен пышақ ұстап, балаларды жарақаттау фактісіне қатысты Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының жетекшісі Нәзір Жәшібеков алғашқы ресми мәлімдеме жасады.

Ресми өкіл журналистердің «қазір ол оқушы қайда, ұсталды ма, бұрын психикалық диспансерде тіркеуде тұрды ма?» деген өзекті сұрақтарына жауап берген жоқ. Дегенмен оның айтуынша, мектеп толығымен күзетілетіне қарамастан, оқушы суық қаруларды сөмкесіне салып, алдымен дәретханаға кіріп, сол жерден қаруланып шыққан.

Қазір баланың қайда екенін айта алмаймын, өйткені бұл іспен тергеу органдары айналысып жатыр. Алдан ала болжам бойынша ол суық қаруды сөмкесіне салып әкелген. Оқушылардың сөмкесін күзетшілер ешқашан тексермейді, тінтпейді. Бұған ешкімнің құқығы жоқ, оны өте жақсы түсінесіздер деп ойлаймын. Ешбір адам баланың сөмкесін тексеруге қақысы жоқ. Сондықтан балта мен пышақты сөмкесіне салып әкеліп, дәретханаға кірген. Дәретхананың ішінде балта мен пышағын алып шыққан,

деді ол.

Оның айтуынша жарақат алған балалардың екеуі ұл, біреуі қыз болып шықты. Олар – әртүрлі сыныптың оқушылары.

Жарақат алған балалардың бірі тоғызыншы, екіншісі оныншы сыныпта оқиды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago