Фото: видеодан алынған
Алматыда мешіт тазалаумен айналысқан оқушыға имам велосипед тарту етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқушының анасы Алатау ауданына қарасты Дархан мешітінің тазалығына жауапты болған. Мұратбек есімді оқушы жамағаттың таза жерде намаз оқуын өз мойнына алған.
Мұратбектің анасы мешіт тазалайды. Мешітіміз таза боп тұратын болса, соның ішінде Мұратбектің 50 пайыз үлесі бар. Тарауыққа шығып бара жатқанда үнемі бір жағдай қайталанатынын көремін. Басқа балалардың шашып жүрген нәрсесін бұл жинап жүреді. Ол да бала ғой. Анасының шаңсорғышына су құйып алып, астына қарай түсіп келе жатады. Астыңғы қабатты тазалау үшін біз намаз оқып болғаннан кейін келеді,
деді исламтанушы Айдос Шарапатбекұлы.
Дін қызметкерлері Мұратбек есімді оқушының жасаған ісі балалар тұрмақ, ересектерге де үлгі екенін айтты.
Біздің істей алмай жүргенімізді істеп жүр. Сосын Қадір түнінде бір бүлдіршінді қуантсақ деп ойландық. Кейде ол да балалармен ойнап кетеді. Анасы «әй» деген кезде, өзін жиып алып тазалыққа қайта кіріседі. Дәретхананы да осы бала тазалап жүр. Алла Тағала разы болсын!
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…