Categories: Қоғам

Дәрігер Шумковты өлтірген қылмыскер 18 жылға сотталды

Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өліміне қатысты іс бойынша сотталушыға жалпы 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Сотталушы Нұржан Тұрсынбаевқа бірден ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша жалпы 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деді судья Еркін Майшынов.

Сотталушыға бірден ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды:

  • ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру»);
  • ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы («Қорқыту»);
  • ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 2 және 3-бөліктері («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»);
  • ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау немесе қорқытып алу»);
  • 380-баптың 1-бөлігі («Билік өкіліне қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері»).

Қылмыскер жазасын барынша қауіпсі мекемеде өтейді. Ол марқұмның отбасына 15 миллион теңге өтемақы төлеуге тиіс.

10 қаңтар күні гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өліміне қатысты іс бойынша өткен сот отырысында прокурор айыпталушыны қатаң режимдегі мекемеде 20 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумков 2022 жылы 4 сәуірде Алматыдағы көлік тұрағында кісі қолынан қаза тапты. Кейін полиция қылмыскердің дәрігерге бірнеше рет барған клиенті екенін анықтаған. Дәрігерді өлтіргенге дейін айыпталушымен кездесу туралы Юрий Шумковтың әріптесі де айтты.

2022 жылы 22 қарашада Шумковтың жесірі сотта сөз сөйледі. Ол өтемақы ретінде 105 миллион теңге талап етті.

2023 жылдың 4 қаңтарында сот отырысында сотталушы Юрий Шумковты қалай атқанын айтып берді. Ал 6 қаңтардағы отырыста айыпталушы дәрігердің анасы мен жесірінің моральдық және материалдық шығынды өтеу туралы талабын қабылдады.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago