Дәрігерлер жетіспеушілігі: Франция жедел жәрдем қызметін шектейді

Персонал жетіспеушілігіне байланысты бөлім пациенттері өз кезегін бірнеше сағат, кейде бірнеше күн күтеді.

Француз денсаулық сақтау жүйесі бір кездері Еуропа мен әлемдегі ең үздіктердің бірі болып саналды. Бүгін ол бұрын-соңды болмаған дағдарысты бастан кешуде, бұл әсіресе жаздың ортасында, елге туристер көп келіп жатқанда алаңдатады, деп хабарлайды Еuronews.

Дәрігерлер жоқ ауруханалар

Бізде тиісті жүйе, жағдайлар, құралдар немесе жеткілікті қызметкерлер жоқ. Барлығы күрделі жағдайда,

дейді Жедел жәрдем бөлімінің дәрігері Максим Бартолини.

Бартолини Fréjus St. Raphaël ауруханасында жұмыс істейді.

Біз желтоқсаннан бері, барлық перифериялық құрылымдар түнде жабыла бастаған кезден бастап тұрақты түрде жоғары қарқынмен жұмыс істейміз. Бұл пациенттер үшін қауіпті, ал бізге түсетін жүктеме тіпті екі есе. Біз өз міндеттерімізден тыс көп нәрсе жасаймыз, жолай үйренеміз, бір-бірімізді қолдаймыз. Бірақ қазір жағдай тіпті қиындап барады,

деп түсіндірді ол.

Fréjus St. Raphaël — Францияның оңтүстігіндегі Вар аймағындағы негізгі аурухана. Онда бес тұрақты дәрігер жетіспейді және бұл тапшылыққа төзіммен қарауға болады деп есептейді (Драгиньян қаласынан 30 шақырым жерде жергілікті аурухана пациенттерді 2021 қазанынан бастап түнде қабылдамайды. Мұнда 20 дәрігер мен медбике жетіспейді).

Персоналдың жетіспеушілігіне байланысты бөлім пациенттері өз кезегін бірнеше сағат, кейде бірнеше күн күтеді. Бөлім меңгерушісі былай дейді: кейде адамдар «жедел жәрдемде» екі түн жатып қалады.

Дәрігерлер жетіспеушілігі тек француз курорттарының ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұлттық және еуропалық Денсаулық сақтау жүйесінің проблемасы болып табылады.

Ұсыну емес, жауап беру

Пандемия бұрыннан келе жатқан проблемаларды күшейтті, ал екі жылдық пандемияда алдыңғы шепте болған көптеген дәрігерді жұмыстан шығуына мәжбүрледі. Жұмыстан шығу үрдісі бүгінгі күнге дейін жалғасуда.

Маусымдағы парламенттік сайлау қарсаңындағы саяси пікірталастарда бұл мәселе басты тақырыптардың бірі болды. Франция президенті Эммануэль Макрон бұл мәселені шешуге тырысатын арнайы миссияны жариялады. Денсаулық сақтау министрі Франсуа Барон реформаны қабылдауға дайын, оның мәні келесідей:

Көптеген жылдар бойы біздің денсаулық сақтау жүйесі қызметтерді ұсыну қағидаты бойынша құрылды. Яғни, халыққа денсаулық мәселесіне байланысты бірдей қызмет алу үшін жеке клиникаға, немесе басқа ауруханаға бару мүмкіндігі ұсынылды. Біздің міндетіміз – жүйені ұсынысқа емес, пациенттердің қажеттіліктеріне қарай жауап беретіндей құру. Басқаша айтқанда, клиника мен мемлекеттік ауруханада олар бірдей ұсыныс алмайды, бұл қосымша қызметтер болады

Бүгінгі таңда пандемиямен күресте алдыңғы қатарда жүрген медицина қызметкерлері саясаткерлерден ризашылық пен мақтаныш сөздерді ғана естігісі келмейді. Оларға өз жұмыстарын атқару үшін ресурстар қажет. Таразы басында өмір мен өлім мәселесі.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago