Дұрыс елде журналистика бұлай жұмыс істемейді

Руслан Желдібай бүгін Тоқаевтың атынан 65 мемжурналиске пәтер берді. Журналистер күні қарсаңында президенттің «подаркісі».

«Негізі, талай жыл үйсіз жүрген, бүгін баспаналы болған адамдар үшін адам ретінде қуаныштымын», деп жазады журналист Аян Қалмұрат.

Бірақ ол әріптестеріне есі дұрыс елде журналистика бұлай жұмыс істемейтінін еске салды:

Бұл — биліктің пропагандасын жүргізіп, жақсылығын асырып, жамандығын жасырғандарың үшін берілген марапат. Айтылған өтірік, айтылмаған шындық үшін алған сый. Бұл елде шындық айтқан, билікті сынаған журналистердің, тәуелсіз басылымдардың тағдыры не боп жатқанын сендер көрмей отыр дегенге сенбеймін. Бір Думанның ісі соған мысал. Жыл басынан бері қанша рет қамалып, енді кеше экстремистік айыппен екі айға қамалды. Биліктен кезекті бағалы сыйлық алғандарың, әсіресе кешегі Қаңтар, қазіргі қудалау, бұғаттау, қамау тұсында журналистік принциптерің жайлы (дәлірек, оның жоқ екені жайлы) мәселенің басын тағы бір ашып берді.

Бірақ негізі адам ретінде қуаныштымын, иә.

«Әлгі 65 журналистің аты неге аталмайды? Неге тізімі шықпайды», деген тағы бір сауалды әлеуметтік желіде Серік Хасенов көтерді.

Президент пен министр өз қалталарынан шығарып берген жоқ қой үйді. Тізім жариялануы тиіс. 65 үй нақты табысталған болса, оны жасырып не керек? Оны ешкім тартып алмайды ғой.

Мәселе, ішінде бір гәп бар дейді. Тізім жарияланса, халық наразы болатын есімдер болғасын жарияланбай отыр дейді.

Дархан Қыдырәлі әлі, мысалға, Думан Мұхамедкәрімге қатысты пікір білдіріп, позициясын айтқан жоқ. Егер бізде кәсіби журналистика дамыған, азаматтық позициясы айқын БАҚ болғанда.

Ех.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago