Алматыда елуге жуық салымшы құрылыс компаниясынан ақшаларын қайтарып беруді талап етті. Сөздерінше, компания иелері миллиондаған қаржыны алып, қашып кетуі мүмкін. Ал пәтер кілтін осы жылдың соңында алуы керек болған. Алайда бүгінде үй әлі салынбапты. Компания өкілдері болса құрылысты аяқтайтындарын мәлімдеді.
КТК арнасының хабарлауынша, салымшылар құрылыс компаниясының кеңсесінің алдына жиналған. Олар құрылыс алаңында жұмыстардың тоқтап тұрғанына 8 ай болғанын айтады.
Желтоқсаннан бері құрылысты бақылап жүрміз. Қазір тек іргетасы құйылған. Бұдан кейін келісімшартты сәуірде бұздым, ал шарт бойынша компания ақшаны қайтаруы керек. Қазір тамыз айы болды. 4 ай өтсе де, ақшаны ала алмадым,
деді Айымгүл Нысанбаева.
Жиналғандардың айтуынша, компания барлығы 100 миллион теңгеден артық ақша қарыз. Егер шара қабылдамаса, компания иелері ақшаны алып жасырынып қалуы мүмкін дейді. Оның үстіне бұл компанияға блогер әрі депутат Дәулет Мұқаевтың жарнамасынан кейін ақша құйыпты.
Бұл құрылыс компаниясын таңдауыма Дәулет Мұқаев себепкер болды. Депутат атанғанға дейін қоғам пікірін қалыптастырушы болды. Халыққа қаржылық сауатты үйретті. Тиімді бағдарлама бойынша үй алуда көмектесті. Сондықтан оның жарнамасына сендім,
дейді Қуат Керімбеков.
Max Bet PV2 құрылыс компаниясының өкілдері ешкімді алдамағанын жеткізді. Қазіргі таңда кей құжаттардың болмауына байланысты құрылысты тоқтатып қойған.
Иә, үйді желтоқсанда береміз дедік. Бірақ жобада өзгерістер болды. Бастапқы сәулет-жобалау бойынша ғимаратта 3 қабат болуы керек. Енді 5 қабат салғымыз келеді. Сондықтан құжатты өзгерту керек. Келесі жылдың мамырында үйлердің кілтін табыстаймыз. Пәтер алғысы келмейтіндерге ақшаны толығымен қайтарамыз. 25 қыркүйекке дейін барлығына ақшасын беруге уәде береміз,
деп сендірді Max Bet PV2 құрылыс компаниясының директоры Берік Нұрмағамбетов.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…