Categories: Галерея

Дәурен Айдарқұлов екінші әйелінен туған балаларымен бірге тұрып жатқанын айтты

Актер Дәурен Айдарқұлов Instagram парақшасында жеке өміріндегі жаңалықтарымен бөлісіп, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Айтуынша, қазір ол ажырасып кеткен бірінші әйелімен де, екінші әйелі — Ақбота-Нұр Сейітмағамбетпен де жақсы қарым-қатынаста. Тіпті екінші некесінен балалары оның, нақтырақ айтқанда оның ата-анасының тәрбиесінде.

Сондай-ақ Дәурен Айдарқұлов өміріндегі бірнеше фактілермен бөлісті.

  1. Мен ата-анаммен бірге тұрамын
  2. Мен бірінші және екінші бұрынғы әйелдермен араласып тұрамын. Қарым-қатынастарымыз: мейірімді, жақсы, сенімді.
  3. Екінші некедегі балалар ата-анаммен, яғни бізбен бірге тұрады. Бұл Ақбота екеуміздің уақытша, ортақ шешіміз. Мен де, ол да сапарда жиі боламыз, кинога түсеміз және т.б. Сол себепті бұл шешім осы кезең үшін ең дұрыс шешім болды. Ата-анам мен Әйгерім қарындасыма үлкен рахмет айтқым келеді! Алла сіздерге разы болсын!
  4. Бұрынғы әйелдерімнің біріншісі де, екіншісі де бізге қонаққа келіп тұрады, балалармен бірге жиі болып тұрады.
  5. Бірінші және екінші некедегі балалар ешбір шектеусіз жиі келіп тұрады, БІРГЕ ойнайды! Әлхамдулиллаһ! Әр некедегі балалардың бірге өсіп, бір-бірін сүйіп, бағалай білуі өте маңызды! Осы жерде мен бірінші және екінші бұрынғы әйелдеріме түсіністікпен қарағандары үшін РАХМЕТ айтқым келеді. Мұны әркім жасай алмайды! (Үлгі болатындай жағдай)
  6. Бірінші некедегі балалар біздің үйге жақын жерде тұрады. Бұл үшін бірінші әйеліме ерекше алғыс айтқым келіп тұр: ол Астанадан көшіп келгеннен кейін, біздің үйге жақынырақ пәтер сатып алуды шешті.

Дәурен Айдарқұлов жетінші факт ретінде тағы да жар болатын әйел іздеп жүргенін жеткізді.

Айта кету керек, Дәурен Айдарқұловтың бірінші некесінен 3, ал екінші некесінен 2 баласы бар.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago