Әлемдік БАҚ не туралы жазып жатыр?
The Wall Street Journal ғалымдар, экономистер мен эксперттер «АҚШ рецессияда ма?» деген сұрақты талқылап жатқанда көптеген инвестор олар үшін маңыздырақ сұрақ қойып жатыр деп жазады. Инвесторлар қазіргі экономикалық белгісіздік және оның қаржы нарықтарына әсері жағдайында портфельді қалай өзгертуге болатынына алаңдайды.
Басылым өткен жеті рецессияның цифрларын талдап, біршама қызық фактілерді анықтады. Мысалы, өткен жылдардың тәжірибесіне сүйенуге болмайды, ал құлдырау кезінде инвестор тек жеке интуицияға сене алады. Өйткені әрбір құлдыраудың өзіндік ерекшеліктері бар және олар ешқашан қайталанбаған.
Оған қоса, рецессияға дейінгі кезеңдегі жақсы нәрсе мен құлдырау кезінде болатын нәрсе арасындағы айырмашылық үлкен. Ал рецессияға «дейінгі» мен рецессия «кезіндегі» уақыт арасындағы шекараны ажыратып болмайсың.
Вloomberg Калифорниядағы аптап ыстықтың салдары туралы жазады. Штат энергетиктері штаттың апатты жағдайын мүмкін болатын ең жоғары деңгейге көтерді, бұл жылжымалы электр қуаты сөнетіні анық деген сөз.
Калифорнияның көп бөлігінде температура Цельсий бойынша 43 градустан асқаннан кейін электр энергиясына сұраныс рекордтық деңгейге жетті. Штаттың ең ірі энергетикалық компаниясы PG&E Corp. шамамен 525 000 үй шаруашылығы мен кәсіпорнында 2 сағатқа дейін мезгіл-мезгіл электр қуаты айырылуы мүмкін екенін хабарлады.
The Guardian саяси шолушы басылымы Ұлыбританияның жаңа премьерінің кадрлық саясатының соңы жақсы болмайтынын жазды.
Лиз Трасс өзінің жақын одақтастарын үкіметтегі жоғары қызметке тағайындады. Солайша басты қарсыласының жақтастарын өзінен аулақ етті.
Трасс консерваторлардың жаңа көшбасшысы болып бекітілмес бұрын, партияның бірнеше шенеунігі оны Борис Джонсонның министрлер кабинетін тек адалдыққа негізделген тағайындау қатесінен аулақ болуға шақырды.
Жаңа премьер-министр лауазымға жарамдылық критериіндегі сияқты ашық жағымпаздыққа азырақ сүйенген болуы мүмкін. Бірақ оның инаугурациялық кабинетінде қарсыласы Риши Сунакты қолдаған министрлердің жоқ екені таң қалдырады.
Премьер-министрлердің өзі білетін және сенетін адамдарға бейімділігі бар. Бірақ Трастың жоғарғы кабинеті достарынан, бұрынғы әріптестерінен және пікірлес адамдарынан болғаны таң қалдырады. Үкіметті құрудағы бұл тәсілдің негізгі қаупі сол — Трастың шешіміне қарсылық білдіретін ешкім болмайды. Мұның соңы немен бітетінін британдықтар Борис Джонсонның мысалы арқылы көрді.
Fox news эксперттері АҚШ-тың жартылай өткізгіш өнеркәсібін жандандыруға арналған CHIPS заңын жүзеге асыру жоспарын сынап жатыр.
Байден әкімшілігі төрт тармақтан тұратын стратегияны жариялады. CHIPS for America бағдарламасы бүкіл елде «жақсы жалақы алатын жұмыс орындарын» ашуға және Қытайдың өсіп келе жатқан ықпалына қарсы тұруға бағытталған:
Американың жартылай өткізгіш өнеркәсібіндегі көшбасшылығын қалпына келтіру – әлемдік көшбасшы ретіндегі болашағымыздың кепілі,
деді шенеунік.
Дегенмен экономистер мен сала мамандары заңды жүзеге асыруға бөлінген 50 миллиард босқа желге ұшатынын айтып отыр. Заң өндіріс компанияларына қаражат бөлуді қарастырады, бірақ АҚШ-та сирек жер металдарын өндірудің басталуы туралы сөз жоқ.
Чиптерді жасауға қажет шикізат өндірісінің шамамен 95%-ін Қытай өндіреді. АҚШ — Қытай қарым-қатынасы шиеленісіп бара жатқанын ескерсек, зауыттар ашылып, америкалық чиптер ешқашан жасалмауы мүмкін.
New York Times АҚШ-тың жасыл технологияларға толық көшуін болжайтын соңғы климаттық заңының жағымсыз жанама әсерлері байқала бастағанын жазды.
Заң инфрақұрылым құрылысына қатысты ойын ережелерін өзгертті. Автомагистральдар мен көпірлер тек экологиялық таза материалдардан салынуы керек. Бір жағынан, заң салық жеңілдіктері мен мұндай материалдарды өндіру жобаларын тікелей қаржыландыруды қарастырады, бірақ бизнес экологиямен айналысуға әзірше құлшыныс танытпай отыр.
Біріншіден, өнімді үздіксіз өткізуге кепілдік жоқ. Сонымен қатар көптеген штатта қолданыстағы экоқұрылыс материалдары әлі ойлап табылған жоқ, ал қолда барын климат жағдайларына байланысты пайдалану мүмкін емес.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…