Дағдарыс кезінде қалай ақша табуға болады және Лиз Трастың сәтсіз кабинеті. 7 қыркүйек

Әлемдік БАҚ не туралы жазып жатыр?

Инвестордың сезгіштігі ғана…

The Wall Street Journal ғалымдар, экономистер мен эксперттер «АҚШ рецессияда ма?» деген сұрақты талқылап жатқанда көптеген инвестор олар үшін маңыздырақ сұрақ қойып жатыр деп жазады. Инвесторлар қазіргі экономикалық белгісіздік және оның қаржы нарықтарына әсері жағдайында портфельді қалай өзгертуге болатынына алаңдайды.

Басылым өткен жеті рецессияның цифрларын талдап, біршама қызық фактілерді анықтады. Мысалы, өткен жылдардың тәжірибесіне сүйенуге болмайды, ал құлдырау кезінде инвестор тек жеке интуицияға сене алады. Өйткені әрбір құлдыраудың өзіндік ерекшеліктері бар және олар ешқашан қайталанбаған.

Оған қоса, рецессияға дейінгі кезеңдегі жақсы нәрсе мен құлдырау кезінде болатын нәрсе арасындағы айырмашылық үлкен. Ал рецессияға «дейінгі» мен рецессия «кезіндегі» уақыт арасындағы шекараны ажыратып болмайсың.

Америкалықтарға қараңғыда қалып отыру қаупі төнді

Вloomberg Калифорниядағы аптап ыстықтың салдары туралы жазады. Штат энергетиктері штаттың апатты жағдайын мүмкін болатын ең жоғары деңгейге көтерді, бұл жылжымалы электр қуаты сөнетіні анық деген сөз.

Калифорнияның көп бөлігінде температура Цельсий бойынша 43 градустан асқаннан кейін электр энергиясына сұраныс рекордтық деңгейге жетті. Штаттың ең ірі энергетикалық компаниясы PG&E Corp. шамамен 525 000 үй шаруашылығы мен кәсіпорнында 2 сағатқа дейін мезгіл-мезгіл электр қуаты айырылуы мүмкін екенін хабарлады.

Трастың жақтастары оны жақсылыққа апармайды

The Guardian саяси шолушы басылымы Ұлыбританияның жаңа премьерінің кадрлық саясатының соңы жақсы болмайтынын жазды.

Лиз Трасс өзінің жақын одақтастарын үкіметтегі жоғары қызметке тағайындады. Солайша басты қарсыласының жақтастарын өзінен аулақ етті.

Трасс консерваторлардың жаңа көшбасшысы болып бекітілмес бұрын, партияның бірнеше шенеунігі оны Борис Джонсонның министрлер кабинетін тек адалдыққа негізделген тағайындау қатесінен аулақ болуға шақырды.

Жаңа премьер-министр лауазымға жарамдылық критериіндегі сияқты ашық жағымпаздыққа азырақ сүйенген болуы мүмкін. Бірақ оның инаугурациялық кабинетінде қарсыласы Риши Сунакты қолдаған министрлердің жоқ екені таң қалдырады.

Премьер-министрлердің өзі білетін және сенетін адамдарға бейімділігі бар. Бірақ Трастың жоғарғы кабинеті достарынан, бұрынғы әріптестерінен және пікірлес адамдарынан болғаны таң қалдырады. Үкіметті құрудағы бұл тәсілдің негізгі қаупі сол — Трастың шешіміне қарсылық білдіретін ешкім болмайды. Мұның соңы немен бітетінін британдықтар Борис Джонсонның мысалы арқылы көрді.

Желге ұшқан ақша

Fox news эксперттері АҚШ-тың жартылай өткізгіш өнеркәсібін жандандыруға арналған CHIPS заңын жүзеге асыру жоспарын сынап жатыр.

Байден әкімшілігі төрт тармақтан тұратын стратегияны жариялады. CHIPS for America бағдарламасы бүкіл елде «жақсы жалақы алатын жұмыс орындарын» ашуға және Қытайдың өсіп келе жатқан ықпалына қарсы тұруға бағытталған:

  • АҚШ-та озық жартылай өткізгіштердің отандық өндірісін жасау және кеңейту, оның ішінде АҚШ қазіргі уақытта әлемдік жеткізудің 0%-не тең;
  • жетілген түйінді жартылай өткізгіштердің жеткілікті және тұрақты қорын жасау;
  • АҚШ-та жаңа буын жартылай өткізгіш технологияларды әзірлеуді және өндіруді қамтамасыз ету үшін зерттеулер мен тәжірибелерге инвестиция құю;
  • өңдеу өнеркәсібінде ондаған мың жоғары ақы төленетін жұмыс орнын және құрылыста жүз мыңнан астам жұмыс орнын жасау.

Американың жартылай өткізгіш өнеркәсібіндегі көшбасшылығын қалпына келтіру – әлемдік көшбасшы ретіндегі болашағымыздың кепілі,

деді шенеунік.

Дегенмен экономистер мен сала мамандары заңды жүзеге асыруға бөлінген 50 миллиард босқа желге ұшатынын айтып отыр. Заң өндіріс компанияларына қаражат бөлуді қарастырады, бірақ АҚШ-та сирек жер металдарын өндірудің басталуы туралы сөз жоқ.

Чиптерді жасауға қажет шикізат өндірісінің шамамен 95%-ін Қытай өндіреді. АҚШ — Қытай қарым-қатынасы шиеленісіп бара жатқанын ескерсек, зауыттар ашылып, америкалық чиптер ешқашан жасалмауы мүмкін.

Климат туралы заңның теріс беті

New York Times АҚШ-тың жасыл технологияларға толық көшуін болжайтын соңғы климаттық заңының жағымсыз жанама әсерлері байқала бастағанын жазды.

Заң инфрақұрылым құрылысына қатысты ойын ережелерін өзгертті. Автомагистральдар мен көпірлер тек экологиялық таза материалдардан салынуы керек. Бір жағынан, заң салық жеңілдіктері мен мұндай материалдарды өндіру жобаларын тікелей қаржыландыруды қарастырады, бірақ бизнес экологиямен айналысуға әзірше құлшыныс танытпай отыр.

Біріншіден, өнімді үздіксіз өткізуге кепілдік жоқ. Сонымен қатар көптеген штатта қолданыстағы экоқұрылыс материалдары әлі ойлап табылған жоқ, ал қолда барын климат жағдайларына байланысты пайдалану мүмкін емес.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 час ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

22 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

23 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago