Categories: Саясат

Даниал Ахметов ШҚО әкімі лауазымынан босатылды

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Мемлекет басшысының жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды,

делінген хабарламада.

Ахметов Даниал Кенжетайұлы 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы. Ол — экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.

Еңбек жолын 1976-1981 жылдары — «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер болып бастаған.

1981-1983 жылдары — Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы;

1983-1987 жылдары — «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы;

1987–1991 жылдары — Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;

1991-1992 жылдары- «Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс» трестінің басқарушысы;

1992-1993 жылдары — Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;

1993-1997 жылдары — әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі;

12.1997-10.1999 жылдары- Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

10.1999-21.12.2000 жылдары — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;

21.12.2000-21.11.2001 жылдары — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің Бірінші орынбасары;

21.11.2001-13.06.2003 жылдары — Павлодар облысының әкімі;

13.06.2003-08.01.2007 жылдары — Қазақстан Республикасының премьер-министрі;

10.01.2007-17.06.2009 жылдары — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi;

12.2010 жылы — Экологиялық энергетика саласындағы компанияның басшысы;

2012-11.2014 жылдары -Энергетика және инфрақұрылым министрі болған.

2014 жылғы 11 қарашадан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қызмет атқарған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

43 минуты ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

22 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

23 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago