Данияның билік өкілдеріне елшілік алдында тұрып, мұсылмандардың қасиетті кітабын жағуды болдырмаудың заңды жолы анықталып жатыр. Бұл жөнінде Дания мемлекетінің Сыртқы Істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен хабарлады.
Қасиетті кітапты жағу — бұл кейбір адамдардың жасаған жауапсыз әрекеті. Мұндай араңдатушылық әрекетке барған бірнеше азамат, Данияның ұстанымына қайшы келді,
деді Расмуссен.
Дания абыройы мен беделіне нұқсан келетін өзге елдердің мәдениеті мен дінін қорлау актілеріне тиісті жауабын беретіні белгілі болды.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада Солтүстік Еуропаның бірқатар мемлекетінде болған келеңсіз жайттарды сөккен еді. Мемлекет басшысы Құранды өртеу — бұл қазіргі әлемдегі жағдайды шиеленістіруге, халықтар мен мелекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталғанын атап айтқан.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…