Дания парламенті қасиетті мәтіндерді қорлауға тыйым салатын заңды мақұлдады. Бұл тыйым Құранды өртеу акцияларына да қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Дания Әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әділет министрлігі мәлімдемесінде жаңа заң жобасы Құранды өртеумен байланысты көптеген акция үшін Данияны ықтимал лаңкестік қауіптерден қорғау мақсатында қабылданғаны айтылған.
Заң жобасында дін маңызды саналып, мойындалған діни ортаға жөнсіз қарым-қатынас жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған,
делінген Дания ведомствосының мәлімдемесінде.
Бұл тыйым «киелі жазбалардың шағын бөлігі» қамтылған өнер нысандарына қолданылмайды.
Айта кетейік, заң жобасы 2023 жылдың тамызында қоғамдық талқылауға ұсынылған еді. Бірқатар түзетуден кейін 7 желтоқсанда қабылданды. Заңңың қабылдануын қолдап Дания парламентінің 94 депутаты дауыс берсе, 77 депутат қарсы дауыс берген.
Сонымен қатар мәлімдемеде келтірілген ақпаратқа сәйкес, тек 2023 жылдың өзінде корольдікте діни сипаттағы тулар мен кітаптарды өртеу бойынша 500-ден астам акция болған.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…