Categories: Саясат

Дариға Назарбаева Лондондағы зәулім сарайын зейнеткерлерге сатып құтылды

Выход к морю телеграм арнасының жазуынша, атышулы Дариға Назарбаева Лондондағы дүние-мүліктерінен біртіндеп арыла бастаған. Соның ішінде ағылшынның әйгілі жазушысы Артур Конан Дойлдың кейіпкерлері Шерлок Холмс пен доктор Ватсон тұрды деген Бейкер-стриттегі (221б) үй көптен бері көпшіліктің назарын аударып жүрген-ді.

Бейкер-стриттегі үйдің қожайыны Дариға Назарбаева екенін 2015 жылы Global Whitness зерттеу жобасы анықтаған.

Ол кезде Назарбаеваның иелігіндегі үй 185 млн фунт стерлингке бағалаған-ды (теңгеге шаққанда 84 млрд). Мұны The Times газеті де растаған. Аталған Бейкер-стриттегі үйді Дариға Назарбаеваның экс-күйеуі Рахат Әлиев 2005 жылы 140 млн фунт стерлингке сатып алған.

Рахат Әлиев қаза болғаннан кейін әйгілі үй Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәлі Әлиевтің иелігіне өткен еді.

Фото: «Выход к морю» телеграм арнасынан алынды

Осыған дейін Бейкер-стриттегі әйгілі үй Farmont Baker Street Ltd компаниясына тиесілі болған. Аталған компания БАӘ-де тіркелген Landmark Network Real Estate LLC компаниясына қарағанын біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін.

2022 жылы Farmont Baker Street компаниясының директоры мен заңды мекен жайы өзгерген. Осыдан кейін бизнес-реестрде біз сөз етіп отырған үйдің жаңа қожайындары ретінде Джош Баумгартен мен Адам Шварцтің есімдері атала бастады.

Джош Баумгартен мен Адам Шварц Angelo Gordon деп аталатын инвестициялық компанияның Лондондағы филиалының директоры болып қызмет атқарады.  Активтері 53 млрд долларды құрайтын Angelo Gordon американдық зейнетақы қорларының капиталдарын тиімді жобаларға инвестициялап пайда табатын компания.

Осыдан кейін Дариға Назарбаеваның Бейкер-стриттегі үйі Нью-Йорктың іргесіндегі Джерси қаласына тіркелген Baker Melcombe Property Ltd компаниясының иелігіне өтті. Дариға Назарбаева әлемнің назарын аударған үйді американдықтарға сатып, тыныш тапқан сынды.

Айтпақшы, кезінде 140 млн фунт стерлингке сатып алған үйін 110 млн-ға әрең өткізген Назарбаева 30 млн фунт стерлинг шығын шегіпті. Бірақ қойны-қонышы ақшаға толы Назарбаева үшін бұл бас ауыртатын мәселе емес. Қайда қалмаған миллиондар десеңізші?

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago