Атақ және ақша

Дарын Мубаров 4 әйелінен 31 баласы барын айтты

Белгілі дінтанушы Дарын Мубаров алғаш рет отбасы туралы айтты. Көп көзіне түсе бермейтін уағызшы TalkLike бағдарламасына сұхбат берді.

Дінтанушы алғаш рет 19 жасында шаңырақ көтерген. Бүгінде төрт әйелі бар. 

Жастары есімде қалған жоқ. Дінде жүргеннен кейін мендегі сезім мынадай екен: бірінші шариғатты қоямын, шариғаттан кейін ақыл тұрады, одан кейін сезім тұрады. Сезімі жоқ адам деген емес. Сезім болады ғой. Екінші жолдасымды алуға бірінші жолдасым себеп болды. Қарағандыда сабақ беріп жүрген кезде жарықтың ақшасын төлей алмай қаласың, қиналасың ғой. Келіншегім базарда тұрып жұмыс істеу керек болып қалды. Мен медреседе сабақ беріп жүрдім. Жұмыс істеп жүрген кезде қасында мұсылман қарындаспен сөйлеседі. Әңгімеден әңгіме тереңдеп кетіп, «иә, жолдасыңызды танимын, шығуға келісімімді берер едім» дейді. Қарасам, жас қыз екен. Текті, түрі, бәрі бар. Туған-туысқандары да мықты. …Біраз ойландым. Кейін келісімге келдік. «Әкеңнің алдынан өтеміз» дедім. Ол кісі келісті. …Әрқайсының өз себептері болды, сөйтіп некелестік,

дейді ол.

Сондай-ақ, бағдарлама жүргізушісі «Уағызыңызда 20 балам бар, 17-сі өзімнен, үшеуі әйелдерімнің артынан келген деп айттыңыз ғой. 20-мен тоқтаттыңыз ба?» деп сұрады:

Ол тоқтамайды ғой. Аллахтың қалауымен болатын нәрсе. Қазір балаларымның саны – 31. Бәрін қосқанда. Аналарымен ілесіп келген үш балам бар, олар да өз баламдай болып кеткен, өте жақсы көремін. Әкелері жол апатынан қайтыс болған. Аналарын үш баласымен алғанмын. Өзімнің белімнен тарап отырғаны – 28 бала,

деді дін саласының өкілі.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago