«Дауласып жүріп екі балаға 20 мың теңге төлейтін». Жанель Мақажан экс-күйеуі туралы

Актриса Жанель Мақажан Айнұр Ілиясованың MOM’sкий әңгіме подкастында бірінші күйеуімен не үшін ажырасқанын әңгімеледі. Айтуынша, бұрынғы күйеуі жиі жанжал шығарып, тіпті қол көтеретін.

Жанель экс-күйеуімен отбасы болып жеті жыл тұрған. Екі баланы дүниеге әкелген. Актрисаның айтуынша, олардың ажырасуына күйеуімен арақатынасы, қол көтеруі, үлкендердің ортаға түсуі мен материалдық жағдай себеп болған. Актриса 7 жылда 8 пәтер ауыстырғанын еске алды.  

Енем өгей болды. Бұл туралы алғаш рет айтып отырмын. Менен 7 жас үлкен еді, арамыздағы әйелдік қарым-қатынаста бәсекелестік болды. Ата-анадан сепарация болмағаннан кейін, бала ата-анасынан алыстай алмайды. Біздің отбасымызға тіреу болмағандықтан, ондай еркекті отбасымыздың тірегі деп айта алмаймын. 

дейді Мақажан.

Айтуынша, актриса тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Аяғында тіпті қызы анасынан ажырасуын сұрапты.

Үйдегі ұрыс-керісті, маған қол көтергенін қызым көрді. Жүрегіне қатты қабылдады. Қызымның тарапынан: «Мама, бөлек тұрайықшы», – деген әңгіме болғаннан кейін өзім соған дайындалып жүріп, ажырасып кеттік. Оған қоса материалдық жағдай, туысқандардың араласуы, өзіміздің арамыз бар,

дейді Жанель Мақажан.

Сондай-ақ Жанель Мақажан экс-күйеуі арасында алимент төлеу даулы мәселеге айналғанын жасырмады. Және бұл оның ғана емес, көптеген әйелдің басында болатын проблема дейді актриса. Жанельдің бұрынғы күйеуі басқа да ажырасқан көптеген ерлер сияқты алимент төлеуден қашқақтаған. Ақырында Жанельге сотқа жүгінуге тура келіпті. 

Бастапқы екі жылдай алимент төлеген жоқ. Қағаз жүзінде болмағандықтан, ауызша айтылып жүре береді екен. Солай екі жылдың өтіп кеткенін байқамай қалдым. Кейін сот арқылы алдық. Біздің елде неге ондай аз екенін білмеймін, екі балаға 50 мың теңге алған болатынмын. 

Одан кейін тағы төленбей қалды, тағы сотқа жүгіндім. Кейін үлкен дау болып, екі балаға 20 мыңнан беріп отырды, яғни он-он мыңнан.

Тұрмыс құрғаннан кейін жарым: «Алименттен бас тартсаңыз, риза болушы едім. Өйткені балаларға ондай қамқорлықтың қажеті жоқ, түгелдей өз қамқорлығыма аламын”, –  деді. Сонымен қуана-қуана бас тарттым. Ол менің мойнымда тұрған жүк сияқты болатын,

дейді Жанель Мақажан.

Әйтсе де, ештеңеге қарамастан, бүгінде жасөспірім шағына келген балалар әкелерімен араласып тұрады екен.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago