Categories: Экономика

Дефолт: АҚШ-тың қарызы 43 трлн долларға дейін өседі

Байденнің бюджеттік жоспарының қиындықтары, АҚШ-та жұмыс қолы жеткіліксіз, Қытай әлемді жаһандану саясатынан алыстатуда, Израильмен бейбітшілік үшін саудиялықтар ядролық қару талап етуде. Әлемдік БАҚ-тың ең өзекті жаңалықтары.

Өте қымбат шалдар

The Wall Street Journal АҚШ президенті он жылдық бюджетке қатысты өзінің ұсынысын жариялағанын жазады.

Осыған дейін конгреске жүгінген кезде, кейбір республикашыларды егде жастағы адамдарға арналған екі ірі жәрдемақы бағдарламасын жапқысы келеді деп айыптаған Байден былай деген болатын: «Әлеуметтік қамсыздандыру мен Medicare-ге тиісуге болмайды. Бұл мәселеде бірауыздылық болуы керек».

Бұл бірауыздылықтың бағасы бейсенбіде жарияланған Байденнің бюджетінен айқын көрініп тұр. Уәде етілгендей, бағдарламалар жабылмайды және оларды қаржыландыру қысқармайды. Нәтижесінде, 2033 жылға қарай бағдарламалар жалпы ішкі өнімнің 10,5%-ын тұтынатын болады, бұл қазіргіден 3%-ға жоғары.

Сарапшылардың айтуынша, президенттің егде жастағы адамдарға жұмсалатын әлеуметтік шығындарды төмендетпеуге деген ұмтылысы түсінікті. Алда президенттік сайлау келе жатыр, ал жас мөлшері осы бағдарламаларға сәйкес келетін американдықтардың саны бүкіл халықтың шамамен 20% құрайды.

Жоспар жақсы, бірақ нюанстар бар

Fox news Байденнің бюджеттік жоспарын егжей-тегжейлі талқылады. Дәлірек айтқанда, ол Конгресстің бюджет комитетінің қорытындыларын жариялады, олар бюджетті мұндай түрде қабылдау мемлекеттік қарыздың шұғыл өсуіне әкелетінін ескертеді.

Комитеттің пікірінше, 2023 жылдың соңында ЖІӨ-нің 98%-нан мемлекеттік қарыз 2027 жылға қарай 106%-ға және 2033 жылға қарай 110%-ға дейін өседі. Яғни, 10 жылдың ішінде ол кем дегенде екі есеге– 24,6-дан 43,6 трлн долларға дейін артады.

Ұсынылған бюджеттің бөлінуі федералды шығындардың көп бөлігі мектепке дейінгі мекемелер мен бала күтімі қызметтеріне қол жетімділікті арттыруға және қаржыландыруға кететінін көрсетті, бұл алдағы оң жыл ішінде 600 миллиард долларды құрайды.

Басқа шығындар ұлттық ақылы отбасылық демалыстың және ауруына байланысты демалыстың енгізілуіне (325 млрд доллар), «тегін» қоғамдық колледждер және басқа да жоғары білім беруге қатысты шығындардың өсуіне (217 млрд доллар), сонымен қатар қолжетімді тұрғын үй саясатын қолдауға (105 млрд доллар) байланысты.

Сарапшылардың айтуынша, бұл мәселелерге қажетті шығындар үшін дауласу орынсыз. Алайда, президент бюджетті таныстыру кезінде бұл жоспар 2023 жылдан басталатын Америка экономикасының жоғары өсуіне негізделгенін атап өтті. Бұған қоса ол дұрыс емес сандарды келтірді. Тіпті ол рецессияның аяқталғанын айтты, алайда ол енді ғана қарқын алуда. Және әлемдік экономиканың болашағы әзірше бұлыңғыр.

Фабрика бар, жұмысшылар жоқ

Bloomberg те Байденнің бюджеттік жоспарына деген оптимизмді біршама төмендетті. Президент құны  52 миллиард долларды құрайтын жартылай өткізгіш саланы дамыту бағдарламасы озық қарқынмен жүзеге асып жатқанын және жақын арада бюджетке жүздеген миллион доллар әкеле бастайтынын айтты.

Бір жағынан, бұл рас: чип өндірістерінің құрылысы шынымен де қызу жүріп жатыр. Алайда, бұл сала тап болған проблема жайлы президент әкімшілігі ойламаған көрінеді. Қазірдің өзінде бірнеше зауыт іс жүзінде пайдалануға берілді, бірақ олардың жұмысы жақын арада басталуы екіталай. Мұның себебі қарапайым – оларда жұмыс істейтін ешкім жоқ, өйткені АҚШ-та жоғары технологиялық салалар үшін жұмысшы тобын дайындайтын мамандандырылған оқу орындары жоқтың қасы.

Қытай өзін-өзі қамтамасыз етуге бел буды

The Guardian үшінші мерзімге ел басшысы болып қалған Си Цзиньпиннің сөзін талдады. Си Қытайдың жаһандану процестерінен өзін-өзі оқшаулайтынын және экономиканың толық өзін-өзі қамтамасыз етуіне көшетінін анық жеткізді.

Си Қытайдың технологиялық жетістіктері шетелдік үкіметтер тарапынан өсіп келе жатқан шектеулерге тап болғанын атап өтті. Сол себепті «ғылым мен техника саласындағы күш және өз күштеріне деген үлкен сенімділік – бұл «жоғары сапалы даму мен Қытайды ұлы заманауи социалистік елге айналдыруды» тездетудің жолы» екенін алға тартты.

Қытайдың қауіптенуінің бір себебі – АҚШ-тың американдық жартылай өткізгіш технологияларына және жасанды интеллект технологияларына Қытайдың қол жеткізуіне шектеу қоюы, сондай-ақ кейбір қытайлық компанияларға қатысты шетелдік санкциялар немесе шектеулердің салынуы.

ҚХР-ның мемлекеттік БАҚ-ның хабарлауынша, сарапшылар жаңа саяси ұран болуы тиіс «екі міндетті факторды» атап өтті – халықаралық нарықтарға тәуелді емес астық пен азық-түлікті өндіру және сенімді жеткізу.

Қаржы министрлігі мен мемлекеттік жоспарлау органы өз кезегінде технологиялық сектор үшін бюджеттің ұлғаюы және жоғары технологиялық инфрақұрылымның, соның ішінде жасанды интеллект, 5G және үлкен деректер саласы құрылысын тездету туралы жариялады.

New York Times АҚШ-тың Сауд Арабиясы мен Израиль арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге бағытталған бейресми әрекеттері туралы жазады.

Басылымның дереккөздері Сауд Арабиясының тақ мұрагері Америкадан ядролық бағдарлама мен қауіпсіздік кепілдігін талап ететінін хабарлады. Басылымның айтуынша, Израиль көптен бері ұмтылып келе жатқан мәміле үшін бұл тым қымбат баға болып саналады.

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago