Categories: Спорт

Демалыс күндері Алматыда драг-рейсингтен турнир өтеді

Жарысқа жүзден астам спортшы қатысуға ниетті.

Демалыс күндері Қазақстанда драг-рейсингтің жаңа маусымы басталады.

Турнирдің Sokol Drag Wars аталатын бірінші кезеңі 30 сәуірде Алматы-Астана тас жолының 76-шақырымында өтеді.

Шабандоздар жетек түрі немесе қозғалтқыш қуатына емес, ширек мильді қанша уақытта еңсеретініне қарай бес класқа бөлініп, жарысқа түседі. Ең жәй жүретін көліктер категориясындағы стандарт автомобильдер мильдің төрттен бірін 13-14 секундта бағындыруы тиіс, ал Pro Unlim деп аталатын аса жылдам темір тұлпарлар 10 секундта 402 метр жүріп өтеді.

Қазақстанда тегін дүние жоқ болғалы қашан. Жарысты көру ақылы: трибунадағы орынға 5000 теңге төлейсіз (7 жасқа дейінгі балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлер тегін кіреді), ал техпаркке кіруге рұқсат беретін Gold билет алғыңыз келсе, 10 000 теңгеңізбен қоштасу керек (жас бойынша шектеу 8+).

Жарыс 30 сәуір күні 13:00-де басталады.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago