Оқиға

Дене шынықтыру сабағында кеудесіне доп тиген оқушы қаза болды

Ташкентте мектеп оқушысы кеуде тұсына доп тиіп қаза болды. Бала дене шынықтыру сабағында есінен танып қалған, дәрігерлер оны аман алып қала алмаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy  басылымына сілтеме жасап.

Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, Ташкентте 6-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында кеуде тұсына доп тиіп, есінен танып қалған, бала ауруханада көз жұмды.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 6 қазанда сағат 11:00 шамасында Юнусабад ауданындағы №259 мектепте болған. Оқушы №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген, бірақ баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша, өлімге жедел жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жеткіліксіздігі, ми мен өкпенің ісінуі, жүрек гипертрофиясы фонында жүректің рефлекторлық тоқтауы себеп болған. «Туа біткен жүрек ақауы» диагнозы қойылған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago