Categories: Қоғам

«Денеме ен салды»: Ақмола облысының тұрғыны құлдықтан құтқаруды өтінеді

Ақмола облысы, Ақкөл ауданының тұрғыны Амантай Ерқанат басы бүтін құлдық қамытына таңылғанын айтып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды «Aдырна» ұлттық порталы. 

Кісі баласынан зәбір көрген азаматтың айтуынша, ол бір жарым жыл Қорғалжын ауданында тұрып, одан кейін Степногорск қаласына кетеді. Степногорск қаласында жылқы бағып, тай үйретеді.

Алайда, бұрынғы жұмыс беруші шаруа иесі оны тауып алып, төпелеп, аяусыз соққыға жығып, Қорғалжын ауданындағы елді-мекенде қол-аяғын байлап ұстаған.

Ыңғайын тауып «құлдықтан» қашып шыққан азамат тәртіп сақшыларына арызданған. Қазір полиция осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сол жерде жұмыс істеп жүрген жерімнен мені бұрынғы бастығым М. атты азамат пен «сотрудниктер» келіп, ешқандай ескертусіз, адамдардың көзінше ұрып-соғып, өз көлігіне отырғызып, Қорғалжын ауданына алып кетті.

Мені қинап, денеме таңба салған кезде жанымда төрт кісі болды. Шешеммен сөйлестірген кезде қасымда кісілер отыратын. Мен сол үшін ол жерден қашып кеттім. Арыз жаздым. Олар бізде генерал бар деп қорқытты. Тіпті әке-шешемді қорқытып жатыр. Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев сіз айттыңыз ғой жаңа Қазақстан құрамыз деп. Ал мұндай масқараға қалай жауап беруге болады?

Бейнехабарлама авторы жеке басына қатысты даулы мәселенің заң аясында шешімін тауып, кінәлілердің жазаланатынына кәміл сенеді. Ол қазақтың баласын қинап ұстағаны үшін әр адам жауап беруі керек деп санайтынын да жеткізді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago