Қоғам

Дені сау және жұмыс істеуге қабілетті азамат пәтер алуға қаржыны өзі жинауы керек – министр

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев дені сау және жұмыс істеуге қабілетті азамат пәтер алуға қаржыны өзі жинауы керектігін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тұрғын үй бағдарламасын реформалау туралы заң жобасын талқылау барысында депутат Дәулет Мұқаев министрге жастарға арналған ипотекалық бағдарламаларды қайта қарау мәселесін ұсынды.  

Астана, Алматы және Шымкентте жастарға бес жылға пәтер берілді. Оларда осы уақыт ішінде қаражат жинауға мүмкіндік болды. Алайда пандемия басталып, көпшілігі жұмыссыз қалып, кезектен шықты. Бұл бағдарлама 29 жасқа дейінгі азаматтарға арналды. Қазір жасын 35-ке дейін көтердік. Енді осы азаматтар әкімдіктердің табалдырығын тоздырады. Ол кісілерге ипотека бойынша алғашқы жарнаны (50% ) жинап, төлеу өте қиын. Бұл қалаларда пәтер бағасы қатты өсті. Жастар тегін пәтер сұрап жатқан жоқ,

деді Дәулет Мұқаев.

Осылайша ол «Алматы жастары» мен «Елорда жастары» бағдарламаларының шарттарын өзгерту мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Министр бұл мәселе бойынша мемлекеттің ұстанымы айтарлықтай берік болуы қажеттігін жеткізді.

Бұл пәтерлерде тұратын дені сау жастарды жетім балалармен, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен салыстыратын болсақ, мемлекет баспана беруде әлеуметтік осал топтарға басымдық беруі керек,

деді Қанат Шарлапаев.

Депутат Дәулет Мұқаев 200 мың теңге жалақымен жастарға бастапқы жарнаны төлеу қиынға соғатынын баса айтты. 

Дені сау және жұмыс істеуге қабілетті азамат пәтер алуға қаржыны өзі жинауы керек. Әркімнің жағдайы әртүрлі екенін түсінемін. Бірақ мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі адамдар, жетім және мүгедектігі бар балаларды қолдау керек деп ойлаймын,

деді министр.

Сондай-ақ министр бүгінде ипотекалық бағдарламалар жеткілікті екенін, қаржылық сауаттылық пен ақша үнемдеу қажеттігін баса айтты.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago