Денсаулық сақтау министрі отставкаға кете ме?

Алматылық заңгер Анна Чернова ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа уәж айтып, қызметіне сын тақты, деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы.

Біздің ұлттық қауіпсіздігімізге дәрігерлердің кесірінен қатер төніп тұр. Отставкаға кетіңіз, деп жазды заңгер.

Сіз өз реформаларыңызбен біздің халықты соғыссыз және әлемдік пандемиясыз-ақ қырасыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Денсаулық сақтау министрін орнынан алыңыз! Күн сайын балаларымыз – болашағымыз өліп жатыр! Дәрігерлердің қолынан өліп жатқан қазақстандықтарға кім көмектеседі?! Қазақстандықтардың қырылуын тоқтатыңыз!,

деп жазды заңгер әлеуметтік желілерде.

Заңгердің мұндай тоқтамға келуіне Жамбыл облысында қан алғаннан кейін шетінеген үш айлық қыздың өлімі себеп болған.

Мен бұл істі объективті түрде тергеуді талап етемін. Сотқа дейінгі тергеу әдеттегідей созбаққа салынып, кінәлілер тағы да жазадан сытылып кетпеуі керек. Сіз тіпті қылмыстық жауапкершілікке тарту статистикасын көрдіңіз бе?! 5 жыл ішінде 83 адамның 27-сі жауапқа тарту мерзімінің өтіп кетуіне байланысты жазасыз қалған. Менің ойымша, бұл кәдімгі геноцид. Адамдар өліп жатыр және ол үшін ешкім жауап бермейді. Біз өз елімізде қалай қорықпай емделе аламыз?! Медицинамызды ретке келтіруді тағы қанша адам өтінуі керек? Неліктен сіздер халықтың үнін естігілеріңіз келмейді?,

деді заңгер.

Instagram парақшасында заңгердің пікірін көптеген қазақстандықтар қолдаған.

Айта кетейік, Ажар Ғиният Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметіне 2022 жылғы 11 қаңтарда тағайындалды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago