Әлеуметтік желіге шолу

Депутат Ардақ Назаров басы дауға қалған әріптесі Дәулет Тұрлыхановқа араша түсті

Күні кеше Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлы қызға қол көтерді деп айыпталып, желіні шулатты. Осымен шенеуніктің екінші ұлы дауға ілігіп, әкесін ыңғайсыз жағдайға қалдырып отыр. Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров болған жағдайға қатысты пікір білдірді. 

Ардақ Назаров даулы оқиғаны депутатты аяқтан шалушылардың кезекті құйтырқы әрекеті деп бағалады.

Дәулет аға Қазақтың батыры! Нағыз ер! Нағыз азамат! Расын айтсақ, ол кісіге мансап та, дүние де қажет емес. Бір басына жетерлік абырой-беделі мен дүниесі бар. Қызмет келген мақсаты біреу – елінің жыртығына жамау болу…

Кеше Жақсылық ағамыз өмірден озды, орны ойылып қалды. Тірісінде қадірін біле алмадық. Ендігі ол кісінің ізбасары Дәулет аға сынды елім деген ерлер. Дәулет аға басқа елге барса, олар тікесінен тік тұрады, азаматтың қадірін біліп, төбесіне көтереді. Ал біз ше? Азаматымыздың абыройына нұқсан келтіріп, жанұясын жарыса жарнамалап, аяғынан шалып, ар-намысына тиіп, күндегенге мәзбіз. Бұлай жасау ұлтымыздың болашағы үшін қауіпті,

деп жазды депутат.

Саясаткер көпшілікті болған жағдайды ақылға салуға шақырды.

Кейінгі уақытта, елінің сөзін сөйлейтін, Қазағына жанашыр тұлғалардың сөздерін бұрмалап, арнайы видеолар дайындап, дұрысты бұрыс етіп көрсететін топтар пайда болды. Олардың арам ниеті мынау: еліне жанашыр, халқына қамқор болып жүрген азаматтарды қарапайым халыққа теріс етіп көрсетіп, абыройын түсіріп, тәуелсіздігіміз бен бірлігімізге нұқсан келтіру. Ойланайық Қазағым…,

делінген жазбада.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлы қызға қол көтерген видеосы тарады. Шенеунік болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago