Categories: Саясат

Депутат Назаров ЛГБТ-мен күресуге бекінді

Депутат Ардақ Назаров Мәжіліс отырысында идеология мәселесіне назар аударып, елімізде ЛГБТ насихаты өршіп тұрғанын көтерді. Айтуынша, 8 сәуірде Астанада феминистер шеру өткізіп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митингтің арты әйел теңдігін қолдаудан бастап, гомосексуализмді насихаттаумен аяқталды.

Өрімдей балалар, арасында оқушылар да бар, ЛГБТ жалауын жамылып жүр,

дейді депутат.

Назаров соңғы кезде ақпараттық кеңістіктерде біржыныстық неке, гомосексуализм, жынысты ауыстыру секілді мәселелер еркін насихатталып жатқанын айтады. 

Ең сорақысы, гей-пропоганда қазір Астана мен Алматы секілді ірі қалалардың жекеменшік мектептерінде де өте қарқынды насихатталып жатыр. Мұны сондағы оқушылардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан ашық аңғаруға болады. «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» дейді атам қазақ. Өкінішке қарай, біз сол ауруды қоғамға жұқтырып алдық. Бұл бәлкім, идеологияның әлсіздігінен шығар. Енді қанымызға сіңіп кетпей тұрғанда дереу алдын алу шараларын қолға алу қажет,

деп есептейді Назаров.

Назаров қоғам белсенділері «толеранттық», «төзімділік» деген сөздерді қалқан етіп, әлеуметтік желілерде ЛГБТ өкілдеріне қарсы шыққандарды қаралайтынын айтады. Алайда оның бұған жауабы дайын:

Осындай азаматтарға айтарым: ертең сіздің ұлыңыз келіннің орнына еңгезердей қызтекені үйге ертіп келсе, немесе аялап өсірген қызыңыз еркекшорамен «отау құрып» жатса, толерантты болып батаңызды бересіз бе? Мұндай азғындық өз отбасыңызға келсе төзесіз бе?,

дейді Ардақ Назаров.

Депутат митингке келген балалардың ата-аналарынан сұрау алынуын, барлық платформада, соның ішінде әлеуметтік желілерде ұлттық мәдениетке сәйкес келмейтін фильмдер мен сериалдарды көрсетуге және насихаттауға тыйым салынуын, теріс ағымдарды насихаттайтын ақпарат көздерінен сақтайтын заң нормалары жасақталып, Парламентке қарастыруға енгізілуін, республика көлеміндегі оқу орындарында ұлттық құндылықтарды, мәдениетті насихаттау сабақтары оқытылуын сұрады.  

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago