Categories: Қоғам

Депутат жаңа эпидемия — вейптермен күресуге шақырды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұргүл Тау жасөспірімдер арасында вейптер кеңінен тарап жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Депутаттың айтуынша, қазіргі кезде елімізде құрамында белгісіз химиялық заттар мен никотиннің едәуір мөлшері, вейптердің балалар мен жастар арасында жоғары қарқында таралуы эпидемия сипатында десек болады.

ҚР Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2020 жылдан бастап «вейп» шарығы 292 есеге өсті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2018 жылы Қазақстанда жүргізген зерттеуінің қорытындысына сәйкес, 15 жастағы ұлдардың 14 пайызы, қыздардың 6 пайызы электронды темекіні бір рет қолданып көрген. 11-15 жас аралығындағы ұлдардың 8,5 пайызы, қыздардың 3,8 пайызы вейпті тұрақты түрде алған,

Нұргүл Тау Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Оның сөзінше, 2022 жылы жүргізілген зерттеулер бойынша 2018 жылғы деректермен салыстырғанда жасөспірімдер арасында вейптер кеңінен тарап жатқаны анықталды.

Әсіресе, екі есе өсім 13-15 жас аралығындағы балалалар арасында байқалды. Жалпы, вейпті алған балалар саны 1 миллионға жеткен. Бизнестің жоғары табысын ескерсек, вейп бойынша балалар мен жасөспірімдерге бағытталған маркетинг қолданылып келеді. Бұл тұрғыда вейптердің орташа есеппен 2000 теңгеден аспайды,

деді депутат.

Ол атағандай, электронды темекіге тәуелділік — балалар мен жастарды құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға итермелейтін факторлардың бірі.

«Осының салдарынан оқу орындарында оқушылар, студенттер арасында буллинг белең алуда. Тәуелділік құрбаны болған жастар көп жағдайда электрондық темекіге немесе басқа мақсаттарына қол жеткізу үшін қылмысқа барады. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ресми деректеріне сәйкес, Қазақстанда 2022 жылы кәмелетке толмағандар 1735 қылмыс жасаған. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішінде ұрлық — 782 факт, алаяқтық — 166, тонау — 154, ұсақ ұрлық — 93, бұзақылық – 81», — деді ол.

Сондай-ақ, депутат атағандай, елімізде темекі кесірінен жыл сайын 18 мыңға жуық адам көз жұмады. Себебі темекі адам өміріне қауіпті ауруларды қоздырады.

«2021 жылдан бері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вейптердің айналымына тыйым салу мәселесін көтеріп келеді. Өкінішке қарай, бұл мәселе әлі де ашық күйінде қалып отыр. Бұдан басқа, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте темекі өнімдерін, оның ішінде электронды өнімдерді сөрелерге қоюға тыйым салу туралы норма болуына қарамастан, сатушы кәсіпкерлер заңды сақтамайды. Себебі, Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парағын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 22 бұйрығында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні жылытуға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және олар үшін сұйықтықтарды орналастыруға және ашық көрсетуге тыйым салудың сақталуын тексеру туралы тармақ қарастырылмаған. Осының салдарынан сауда орындарын тексеру мүмкіндігі жоқ”,

деді ол.

Сөзінше, өтініш білдірген ата-аналар құрамында никотині бар девайстардың таралуына және сатылуына түбегейлі қарсылық білдіруде. Қазіргі таңда әлемнің 32 елінде вейптерді сатуға тыйым салған, олардың қатарында Дания, Норвегия, Уругвай, Аргентина, Панама, Бразилия, Мексика, Канада, Таиланд, Үндістан, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Филиппин, Ливан, Қатар және т.б. елдер бар. 

“Жоғарыда айтылғандардың негізінде, депутаттық сауалда қойылған мәселелерді қарауға және елімізде вейптер мен оның басқа түрлерін сатуға толығымен тыйым салу мүмкіндігін қарастыру ұсынысын жасаймыз», — деді ол.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

19 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

19 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

19 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

19 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

21 час ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago