Categories: Саясат

Дикий Арманның «кураторы» кім?

Атышулы «Дикий Арманның» ұйымдасқан қылмыстық тобына ҰҚК-ның адамдары қамқорлық жасаған, ал Қаңтар оқиғасына әзірлік 2021 жылғы жазда басталған.

Саясаткер Жақсыбек Құлекеев «Ақорда үшін күрес» атты еңбегінде Арманға арнайы тарау арнаған. Бұған дейін Бас прокурор «Дикий Арманның» ҰҚК -дағы үйлестірушінің басқаруымен әрекет еткенін хабарлаған еді, деп жазады Dalainside арнасы.

Оның «үш әріптегі» кураторы кім? Бұлар неге бүлік шығарды? Түпкі мақсат Тоқаевтың орынтағы ма?

«Арман Жұмагелдиев соңғы 5 жыл бойы Қазақстандағы қылмыс әлеміндегі оқиғаларға жауапты болған, оған ҰҚК-де істейтін кураторлары көмектескен. Тергеу «Жұмагелдиев ұзақ уақыт Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-ші департамент жетекшісі Руслан Ысқақовтың бақылауымен қызметін жалғастырып келді» деген қорытындыға келген. Алайда, кімді-кім өз мақсатына пайдаланып келгені толық түсінікті емес. Бір абзацта Ысқақов Арманға Қазақстандағы трансұлттық қылмыстық топтардың елдегі қылмыстық жағдайға ықпалын жою үшін серіктес болуға ұсыныс жасаған десе, басқа абзацта, Ысқақов «Әділ Қытай», «Айшуақ Жантүгел» қылмыстық топтарын ұстау бойынша іс-шараларды ұйымдастырып, Шпек деген лақап атқа ие Рамазан Ғаббасовты қамауға атсалыса отырып, Дикийді оперативтік іс-шаралардан қорғап отырған делінеді. Демек, ҰҚК алаңды түрлі ОПГ-дан тазартып, ал Арманның тобын айналып кетіп отырған.

Жұмагелдиев ҰҚК-ның қамқорлығына сүйеніп, аймақтарға өз қарақшыларын қойып, тұтас Қазақстанды Нойс деген лақап аты бар Нұржан Иманалиевке тапсырған. Иманалиев қазір түрік түрмесінде отыр», – деп жазады Құлекеев. Осы деректерді пайдаланған танымал журналист Михаил Козачков Қаңтарға дайындық 2021-дің жазында басталғанын тілге тиек етеді. «Дикий Арман» бастаған ОПГ-лар халықты үрейлендіріп, Тоқаевты кету туралы шешім қабылдауға итермелеу үшін террорлық акт жасауды, артынша қылмыс әлемінің лидерлері мен қоғамға белгілі адамдардан уақытша «Халық кеңесін» құрып, өздерінің адамын президент етуді жоспарлаған.

Осыған байланысты Руслан Ысқақов жаппай тәртіпсіздікке дайын болу үшін Дикий Арманға күзет фирмасын тіркеп, қару мен шымыр жігіттерді жинауды тапсырған,

деп жазады журналист.

Кітапта айтылғандай ҰҚК-дан нұсқау алған Арман Алматыға 17-ші желтоқсан күні келіп, ешкімге білдірмей, өзге ОПГ қатысушыларымен кездескен.

Ал 5-ші қаңтарда Ысқақов Жұмагелдиевке адам жинап, алаңға баруды тапсырады. Арман ол жақта Мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенмен кездесіп, жақтастарының әрекетін ұйымдастыра бастайды. Жұмагелдиевтің тапаншамен қаруланған адамдары қаладан 30-дан астам адамды ұстап, «Ritz Carlton» қонақүйінің паркингі мен «Қазақстан» қонақ үйінің банкет залында күштеп ұстаған.

«Тергеу дерегінше, ол адамдарды камераға түсіріп, есірткі тұтынғанын, мародерлік жасап, Әблязов құрған ҚДТ саяси қозғалысының мүшеміз деп айтуға мәжбүрлеген. Артынша кураторы Ысқақовтың нұсқауы бойынша ұсталғандары ҰҚК-ға тапсырған» дейді Құлекеев.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago