«Әділетті Қазақстан» депті. Жалпы, әділдік дегеннен біздің елде көп әңгіме шығаруға болады. Тіпті алысқа бармай-ақ, шетел нөмірлі көліктерді алайық.
Байқап жүрміз, Қазақстанда тұратын азаматтардың екі түрі болады екен.
Бірі – заңнан қорқады, құқықтық тәртіпті сақтауға тырысады, жайсыз болса да, еш логикаға сыймаса да бекітілген ортақ ережелерге бағынады. Ондайлар көлік кептелісін қулықпен айналып өтпейді, атына айыппұл келсе, төлейді. Салық төлеуден қашпайды. Құжаттарын уақытымен реттеп, алды-артының жөн болғанын бірінші орынға қоятындар.
Қазақстан адамының екінші түрі – өз пайдасы мен жеке мүддесі үшін түрлі тәуекелге барғыштар. «Тәуекел етпесең, шампан ішпейсің» деген орыстың мақалына, «Заманың түлкі болса, тазы боп шал», дегендей нақылға жақындар. Біздің елде ауқатты адам болу үшін адалдық емес, амалдау мен алдау ғана керек екенін елден бұрын түсінгендер.
Тоқаев өз Жолдауында күтпеген жерден Қазақстанға заңсыз келіп жатқан көліктер мәселесіне тоқталды. Рас, соңғы жылдары Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктен көз сүрінетін болды. Оның бәрін ұстап алып, құжаттарын реттету мүмкін емес.
Реттеу қиын, кешіру оңай болып шықты, ақыры.
ЕАЭО-сы бар, отандық автокөлік нарығын уысында ұстамақ болған лоббистердің кесірінен сырттан көлікті заңды жолмен әкелуді тым қымбат қылып қойдық. Бірақ тәуекелге оңай баратын жол тапқыштар бәрібір көлікті заңсыз әкеліп, жаппай мініп кетті.
Қазақтың көбі көлігі үшін қолыңда өлуге дайын. Көлік мәселесі – қазақтың жарасы.
Шетел нөмірлі көлік мінгендер митингке шығып кетсе, арты жаман болатынын билік жақсы біледі. Содан шығар, түбі халықты кешіріп құтылады, әсіресе, мәселе жаппай сипатқа ие болғанда.
Шындығы сол, Қырғызстан, Армения мен Ресейден жеткізілген бағасы төмен, күйі жақсы көлікті қазақтың бәрі мінгісі келеді. Арамыздағы пысықтар, заңнан қорықпайтын «батырларымыз» ғана емес, бәріміз неге мінбейміз? Негізі, сол әділдеу болар еді.
Былайша айтқанда, «наглый» болғаның үшін мемлекет басыңнан сипап, күнәңә кешіріммен қарайды екен, ә?
Ал «әдеп сақтап», мемлекетті алдаудан тартынып қалған, бірақ салондағы жаңа көлікке қол жеткізе алмайтын қазақтар ескі-құсқы көлікпен жүре бере ме?
«Әділетті Қазақстан» осыны ескермейді екен.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…