Атақ және ақша

Димаш Құдайбергеннің қарындасы ұлттық ресторан ашты

Әнші Димаш Құдайберген қарындасы Раушан Құдайбергеннің бизнесіне қолдау білдірді.

Елге келгелі түрлі кездесулерге қатысып, игі жақсылармен кездесіп жатырмын. Астанаға келген кезде астанамыздың символы «Бәйтерек» монументіне соқпай кету мүмкін емес.

Монументтің жанында «Daididau» ұлттық рестораны ашылғалы жатыр. Осы ресторанның Раушан қарындасым бастаған ұжымына сәттілік тілеймін!

деген Димаш.

Димаш аталмыш ресторан Астанаға келген әрбір туристің сүйікті орынына айналатынына сенімді.

«Дайдидау” — Алтайдан Алатауға дейінгі аралықтың ежелгі дәстүрі мен бүгінгі сабақтастығының тоғысқан жері. “Дайдидау” — қазақ асханасының жаңа тынысы. Mұнда даярланған әрбір тағам — қазақша еттен бастап молекулярлық заманауи ас түрлеріне дейін шын мәнінде ерекше! Тағамдар сіздер үшін ашық отта шынайы ықыласпен, айрықша ынтаменен әзірленеді. Біздің мейрамхана сіздің гастрономиялық талғамыңызды қанағаттандыратын сүйікті орынға айналарына сенеміз!

делінген парақшада.

Қазақтың ұлттық мәзірі мен ерекше әзірленген авторлық тағамдары ресторанның ресми парақшасында жазылған.

«Өрме төс»

Жаңа отбасының құрылуын бейнелейтін мәні бар болғандықтан, бұл тағамды шаңырақ көтерген кезде күйеу жігітке арнап, қайын жұрттағы үйдің үлкен келіні әзірлейді. Қойдың төсін тұздап, дәмдеуіштер қосып, аш ішекпен өріп, баяу отта пісіреді.

«Құйрық — бауыр»

Құйрық-бауыр – қазақтың құдаласу рәсімінің байырғы рәміз-символы. «Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе». Бүгінде ол заманауи үлгідегі тағам ретінде ұсынылады. Біздің мейрамханада шиеден жасалған спагетти қосылып, паштет түріндегі бауыр күйінде тартылады. Кебекті қара нан қоса беріледі.

«Самалтау» авторлық тағамы

Бас аспаздың өзі әзірлеген авторлық тағам. Қойдың тілі сегіз сағаттай баяу отта бұқтырылады. Жусай арнайы өңделіп, тұз бен бұрыш қосылып, одан жасыл түсті спагетти жасалады. Бұдан бөлек, қасына түйе сүтінен жасалған мусс салынады.

«Ертоқым»

Қой омыртқасының төменгі, белдеме тұсындағы қысқа қабырға сүйектері мен оның жұқа майлы етпен қапталған тұсынан әзірленетін тағам. Бұл тағам қонақтарымызға тартылған дәмнің ерекше түрі болмақ. Ол ашық отқа қақтала пісіріледі. Хош иісті тұзбен, бұрышпен маринадталып, картоптан жасалған гратенмен беріледі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago