Димаш Құдайбергеннің атын жамылған алаяқтар кім?

Әнші Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, елді сан соқтырып, ақша жинап жүргендер бар. Бұл туралы өнерпаздың әкесі Қанат Айтбаев «Нартай Аралбайұлына» берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Димаш Құдайбергеннің әлеуметтік желіде өткізген тікелей эфирінен кейін әншінің атын жамылып, белгілі бір есепшотқа қаражат жинап жатырмыз деген жарнамалар толып кеткен. Бірақ Қанат Айтбаев әлі ондай шағыммен ешкім хабарласпағанын жеткізді. 

Өкінішке қарай, алаяқтар бар. Ондай алаяқтар бола да береді. Оны біз үнемі парақшамызда, баспасөз беттерінде жарнамалап айтып жүрміз. Бірақ, ақкөңіл, аңғал халық көп. Белгілі, танымал адамның бейнесі тұрса, соған сенетін кісілер бар. Соның атынан бірнеше күннен соң жойылып кететін өтірік парақша ашып, өзінің арамза істерін жүзеге асыратындар көп. Сондықтан көзі қарақты ағайыннан мән беріп, сақ болуын сұраймын,

деді Қанат Айтбаев.

Сондай-ақ, Димаштың әкесі мұндай істің заңмен қаралатынын да атап өтті.

Әзірге ондай ойым бола қойған жоқ. Бірақ, қай нәрсенің де заң аясында жауапкершілігі барын әркім ескеруі керек. Сондықтан өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай қылып, әңгіме айтып отыратын адамдар ойлану керек,

деді Қанат Айтбаев.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің атын жамылғандар жалған лотерея ұйымдастырған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago