Димаш Құдайбергеннің концерті сатылым бойынша рекорд жаңартты

STRANGER концерті ең жарқын әрі ауқымды әлемдік шоулардың бірі болғалы тұр. Концерт артистің шығармашылығына бас иетін әлемдегі жанкүйерлерін жинайды.

2022 жылғы 23 қыркүйекте Димаш Құдайберген Қазақстандағы ең үлкен және аты аңызға айналған спорт нысандарының бірі Орталық стадионда «STRANGER» деген ауқымды жеке концертін өткізеді.

36 елдегі Dears жанкүйерлер Димаштың Алматыдағы алғашқы жеке концертінің билеттерін небәрі 15 минутта сатып алды. Алғашқы 3 күнде стадион трибунасына билеттің 80%-і сатып алынды. Сондықтан ұйымдастырушылар артистің ерекше дауысын тікелей эфирде естігісі келетіндердің бәріне билет сатып алуды кейінге қалдырмауды сұрайды.

Көрермендер ультра заманауи шоуға куә болады, онда танымал шығармалармен қатар жаңа туындылар да орындалады.

Сахна алдында фан-зона мен супер-фанзона аймағы болады. Ол жерден ең адал жанкүйерлер орын алуы мүмкін. Димашты жақыннан көргісі келетін жанкүйерлер отыра алатын суперфан-зонның билет құны — 40 000 теңге. Бірінші және екінші фан-зона билетінің бағасы — 20-30 мың теңге арасында.

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын жақсы көретін өзге көрермендер стадиондағы басқа орындарды 8-30 мың теңге арасында сатып ала алады.

Димаш Құдайберген — Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген қайраткері. Орындаушының вокал байқауларында жеткен жеңісі жүздеп саналады.

Артист карьерасындағы ең танымал байқау 2017 жылы Қытайда өткен I am Singer болды. Аспан асты еліндегі вокалдық шоу Димаш үшін бүкіл әлемге үлкен мүмкіндіктер ашты. Осыдан кейін әнші Еуропада, Азияда және АҚШ-та, Нью-Йорктегі әйгілі BARCLAYS аренасында концерт берді.

Қазіргі уақытта Димаш 30-дан астам ірі халықаралық марапаттың, соның ішінде MTV Global Music Awards сыйлығының иегері, онда ол «Үздік халықаралық әнші» номинациясын жеңіп алды.

Димаш Құдайбергеннің Алматыда өтетін концертіне билетті Ticketon.kz. сайтынан сатып алуға болады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago