Dimash: Польшадағы радио қазақ тілінде шырқайды

Оның негізін қалаушы Димаш Құдайбергеннің жанкүйері.

«Димаш» деп аталатын радиода польяк және қазақ тілінде қазақ мәдениеті, тарихы, географиясы мен ұлттық әндері айтылады, қазақ әншілердің әндері ойнайды.

RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын екі жыл бұрын бастаған. Бұл ресми түрде тіркелген хабар тарату станциясы, ол жерде қойылатын әндердің авторы мен орындаушыларына қаламақы төленеді. RadioDimash.pl-дің мақсаты – Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын насихаттау.

RadioDimash.pl-дің хабар тарату студиясы бар. Ол жерде қандай бағдарлама болатыны жоспарланып, кесте құрылады. Сондай-ақ, онлайн хабар тарататын және бағдарлама шығаратын студиядада тақырыптық музыкалар, репортаж, сұхбаттар мен әдеби және туризм бағытындағы бағдарламалар, ересектер мен балаларға арналған авторлық бағдарламалар және тыңдаушылардың қатысуымен тікелей эфирлер ұсынылады деп жоспарланған.

turkystan.kz

«Радио эфирінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың фан-клубтарымен байланыс орнатып, бірге жұмыс істеуді мақсат етеміз. Димаштың бағытына жақын польшалық және шетелдік әншілерге де орын табылады. Десек те, негізгі басымдық Димаштың әндеріне ден қойылады. Біз Димаштың концерті Польшада да өткенін армандаймыз», – деп жазылған фан-клуб парақшасында.

Мұндай жаңалықтан хабардар болған Димаш Құдайбергеннің өзі де Іnstagram желісінде қуанышымен бөлісіп, алғысын білдірген еді.

«Сіздер мен үшін көп нәрсе істеп жатырсыздар. Әлемде әншілер көп екенін жақсы білемін, бірақ сіздер маған сенім артасыздар. Сіздерге деген алғысым шексіз», – деп жазды ол.

Тереза – екі жыл бұрын Варшавада ашылған Dimash радиосының, сондай-ақ Димаштың поляк жанкүйерлерінің басын қосатын фан-клуб­тың негізін қалаушы. Ол Димаштың әндерін тыңдағанда бойын тылсым бір сезім кернеп кететінін айтады.

Димаш өмірімді түбегейлі өзгертті. Мен оған дейін ешбір әртістің жанкүйері болған емеспін. Негізі, мен опера, классикалық әндерді жиі тыңдаймын. Бірақ 2017 жылы Димаштың әнін алғаш рет тыңдаған соң барлығы өзгеріп сала берді,

дейді Тереза.

Бүгін Варшавадағы фан-клубына 2,6 мың адам мүше, ең белсенді қатысушылардың саны — 100. Әлеуметтік желідегі парақшаға 14 мыңнан аса адам жазылған. Фан-клуб қоғамдық ұйым ретінде тіркелген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago