24 мамырда, туған күнінде Димаш Құдайберген барша жанкүйеріне арнаған «Өмір» атты жаңа музыкалық композициясын ұсынды. Шығармада орындаушының басынан бастап, бүгінде танылып жүрген өнерпаз атанғанға дейінгі өмірі мен шығармашылық жолы баяндалады деп хабарлады turkystan.kz.
«Өмір» – Димаш Құдайбергеннің терең де әсерлі композиторлық туындысы, онда әртіс өз-өзімен іштей монолог жүргізеді. Дыбыссыз реңктерде орындалған музыкалық бейне MOOD video жанрында түсірілген.
«Клипті қарау кезінде көрермендер проекторы бар кішкентай қараңғы бөлмеге көшеді, онда Димашпен бірге оның өміріндегі ең жарқын сәттерді тамашалайды: алаңсыз балалық шақ, музыкалық байқаулар, I am Singer байқауындағы жеңісі, оның сүйікті Dears, қызықты адамдармен танысу және ұмытылмас концерттері туралы…»
деп жазды әншінің жеке сайты.
Осы кадрлардың барлығына қарап, Димаш әр сәтті қайта бастан өткергендей.
«Өмір» – әуені де, сөзі де менің ішкі дүниемнен алғаш шыққан туынды. Менің туған күніме арналған шығарма. Мені су бетіндегі алапат толқындарға, ызғарлы дауылға қарсы тұруға шақырған барша тыңдармандарыма арнаймын. Бұл туынды менің өмірім туралы»,
деп бөлісті әртіс.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…