Атақ және ақша

Дина Төлепберген «Астарлы ақиқаттың» жаңа жүргізушісін таныстырды

Халықтың көзайымына айналған “Астарлы ақиқат” бағдарламасына су жаңа жүргізуші келді. Оны Дина Төлепберген таныстырды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналистің сөзінше, бағдарлама тізгіні Бердімұрат Хасенұлында болмақ. 

“Танысым да, туысым да емес. Мен үшін бастысы – талап пен тер. Есіңізде болсын, адал еңбек ескерусіз қалмайды! Кезінде «поледегі» қарапайым журналистен прайм-таймдағы бас бағдарламаның жүргізуші, продюсеріне дейін көтерілген менің жолым – соған дәлел. Ізбасарым 6 жылдан астам бағдарлама сарапшысы болды. Бұған өзіңіз куәсіз», – деп жазды экс-жүргізуші.

Айтуынша, отандық телевизия саласына тың серпіліс керек екен. 

“Менің ойымша, телевизияға эволюция мен революция керек. Ол үшін белгілі бір сала мамандарының (узкий спецалист) жүргізуші болғаны жөн. Ал Бердімұрат – заңгер. Есесіне, заңды тұрғыдан, адами ақылмен, әке, күйеу көзқарасымен Отанға , отбасыларға оң жағдай жасайды деп білемін…
Ал Бердімұрат, артылған үмітті сөндірме, елдің барын баптап, жоғын жоқтайтын жан болғайсың!”, – сәттілік тіледі журналист. 

Еске салайық, Дина Төлепберген “Астарлы ақиқат” жобасынан кеткенін мәлімдеген еді.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

42 минуты ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

22 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

23 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago