Categories: Қоғам

Динара Сәтжан Түркияның бірінші ханымын қазақ тілінде қарсы алмағаны үшін сынға қалды

Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоған жолдасы Реджеп Тайип Ердоғанмен Астанаға бірге келген.

Түркия басшысы Астанадағы ресми кездесулер мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысып жатқанда Эмине ханым елдің мәдениетімен танысты.

Сондай шаралардың бірін отандық тележүргізуші, блогер, кәсіпкер Динара Сәтжан ұйымдастырды. Ол Түркиядан келген беделді қонақтарды қазақстандық дизайнерлермен және олардың туындыларымен таныстырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында видео жариялап, кездесудің қалай өткенін қысқаша баяндады.

Алайда, оқырмандар Динараға беделді қонақтарды ана тілде емес, орыс тілінде қарсы алғаны наразы болды.

«Әттеңі орысша тілдің жүйрігі, басқасында мін жоқ, сырт көз сыншыл!»

«Қазақ тілімен қарсы алғанда, тіпті керемет болар еді. Әттеген-ай! Шет елдіктер бізге келгенде, біздің тілімізді, мәдениетімізді көріп, естігілері келетініне күмәнім жоқ».

«Қазақсыз ғой, қазақша неге сөйлемейсіз?»

«Өзге ұлттардың аллында қазақша сөйлегеніңізде керемет болар еді. Өзіміздің тіліміз жоқ бейшара сияқтымыз. Эх, түріктеодің патриоттығы жетіспейді бізге…»

«Түріктерге қазақ тілінді төгілгенде аудармашының да қажеті болмас еді».

«Қазақша сөйлейтін адам болмады ма?»

деп жазды Желі оқырмандары.

Арасында Динара Сәтжанды қолдап, оның соңғы кездері қазақ тілін үйреніп, сұхбаттарын да қазақша жүргізуге тырысып жүргенін еске салғандар да болды.

«Ол онсыз да тырысып жүр ғой, кейде сұхбаттарын қазақша жүргізеді. Маңызды қонақтар болған соң уайымдаған болар. Басында «Менің атым — Динара» деп айтты емес пе? Мықты болсаңдар қайда қалдыңдар? Динараның жарты тірлігін істеп алыңдаршы. Өзім айдалада отырып, риза болып отырмын!»

деп жазды бір оқырман.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

6 дней ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

4 недели ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago