Фото: stan.kz
Имам Нұрлан Байжігітұлы айтыскер ақын, мәжіліс депутаты Ринат Зайытов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
«Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар» — деген Ринат Зайытовтың ел арасында басы дауға қалған еді. Осыған байланысты оқырмандар имам Нұрлан Байжігітұлының тікелей эфирінде ойын сұрап, сауал жолдады.
Ринат туралы қайта-қайта сұрап жатыр. Кейінгі қосылғандарда жақсылап естіп алыңыздар. Осымен әңгіме жабылсын.
Ринатты мен нағыз құдайын танитын азамат деп білемін. Құдайға сенетін, құдайы бар азамат. Сол сұқбатты асықпай толық тыңдап шығыңыздар. Бір қазақтың баласына ондай айып тағу үшін ардақтылар оның не айтқысы келген ойын түсіну керек. Кең ойлаған адам кем болмайды.
Дінді қорғаймыз дегендерге айтқым келіп отыр. Дінді айқай-шумен қорғамайды. Бір-біріне сөз атумен қорғамайды. Алла тағала өз дінін өзі қорғап алады. Сенсізде қорғаған ол дінді. Құранды, дінді мен түсіргенмін Алла өзім қорғап аламын дейді. Болды.
Сен өз отбасыңды қорға, өз қара басыңды қорға. Ринаттың бұл жерде 80 пайыз дегені сәл артықтау шығар. Бірақ шын мәнінде, біздің домбырамызға, салтымызға, санамызға қарсы шыққан салафилікті айтып келіп, сол арқылы келді. Соны түсініңіздер. Біз бір қазақтың баласын аяққа жығып, абырой таппаймыз. Ол пенде, ол қателесті, өз жағдайын айтып түсіндірді,
дейді Нұрлан имам.
Сондай-ақ, Нұрлан Байжігітұлы алаяқтық мәселесі шын мәнінде бар екенін жеткізді.
Бізді ол мәселе бар. Жасырын емес. Ол сөзді басқаша түсініп алыңыз. Қылмыскер түрмеге түсіп, сосын намаз оқып кетеді деп түсініңіз. Ринаттың айтқан сөзін басқаша түсініңіз. Бізде жоқ емес онда мәселе бар.
Еске салайық, бірнеше күн бұрын «алаяқтардың 80 пайызы — намазхандар» деп пікір білдірген Зайытовқа бірқатар белгілі тұлғалар жауап қатқан еді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…