Дінді қаруға айналдырып алдық – Бекжан Тұрыс

Қазақтың танымал актері Бекжан Тұрыс Бұл туралы ойын Abay Live YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тілші уағыз айтатын имамдар көбейіп, сондай дін өкілдеріне жастар фанаттық деңгейде қарайтыны қаншалықты дұрыс екенін сұрады.

«Дін, ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» дейді қазақ. Бірақ біз қазір сол қасиетті қаруға айналдырып алған сияқтымыз. Болмаса дін деген тарихың, мәдениетің, әдебиетің.

Сенің нені меңзеп отырғаныңды түсіндім, дінге фанатизммен қарайтын жастардың көптігін айтып отырсың ғой. Бірақ өзінің дәстүрін де, әдебін де жоғалтпаған ұрпақ көп,

деді ол.

Тілші актерден дінді ұстанатынын барынша көрсеткісі келетіндер жайлы да пікірін сұрайды. Бекжан Тұрыс бұл әркімнің өзіне байланысты екенін алға тартты. Дегенмен жастарымыздың қандай бағытта кетіп бара жатқанын тексеріп жатқан ешкімнің жоқтығын да қосты.

Қазір көп адам дінде жүр, бірақ олардың қай бағытта жүргенін аса аңғара бермейміз. Олардың намазы қандай?.. Балаларымыз мешітке барды деп қуанымыз, алайда олардың оқып жатқан намазы қандай?..

Қазақ боп туған адам, қазақтықты сақтап қалған адам басқа бағытта кетпейді деп ойлаймын. Ерінбейтіннің бәрі дінмен алысатын болып кетті ғой. Түсінгенге намаз адамның өзі үшін қажет. Оны жар салып, айғайлаудың қажеті жоқ. Бастысы, соның бәрі шынайы болса екен дейсің. Дін деген өте нәзік нәрсе,

деді ол.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago