Қоғам

Дінге берілген оқушылардың қарасы қалыңдады

Мектепке хиджаб киюге рұқсат беретін оқу министрі министрлікті қойып, отставкаға кетуі керек.

Мектеп жасындағы бала орта мектепті оқып, тым болмаса, 9 сыныпты бітіріп, куәлік алғанша медреседе оқуға тыйым салынуы шарт. Медреселерге тек 9-11 сыныптан кейін ғана қабылдауға рұқсат берсе болады. Онда да медресені қаптатып көбейтпей, дінді фанаттық деңгейде емес, сауатты түрде, саналы, ғылыми бағытта оқытатын бір-екеуі болса жетіп жатыр…

Әйтпесе күнің қараңғы, болашағың бұлыңғыр, өзің надан ұлт боласың, ей, ҚАЗАҚ!

Надандар ұлттың да, мемлекеттің де, тәуелсіздіктің де түбіне жетпек.

Бүгінде мектепте ораза ұстап, діни парызын өтеп жүрген оқушылардың қарасы қалың. Сонымен қатар, кейде кішкентай қыз баланың басы ақ орамалмен тұмшаланғанын да көріп жатамыз. Көпшілік қауым уақыт өте діни мәселеде адасып, өміріне қауіп төндіріп жатады. Яғни қай қоғамда, кез келген уақытта діни мәселе – өзекті.

Балиғат жасына толмаған қыздарына да орамал кигізіп, мектеп бағдарламасынан шектеп жатқандарын кездестіруге болады. Дәл осы мәселе 2018 жылы елімізде қатты өрбіді. Бірақ зайырлы қоғамның принциптері қандай? Зайырлы деген – озық, толерантты, ашық қоғам.

Ең әуелі баланың қоғамда жеке пікірі бар азамат болуы үшін оған еркіндік қажет. Еркіндік – бостандық. Ол тек діни таңдау бостандығы емес, одан кеңірек – дүниетанымның кеңеюі, қоғамға өз бетінше бейімделуі. Таңдау мен шешім қабылдау құқығын мемлекет жеке тұлғаға қалдырады және оның шешімімен келісуге, қабылдауға, оны қорғауға міндеттеледі. Демек әр бала – болашақ елдің тірегі. Елдің ертеңі ашық болсын десек баланың бүгінгі тәрбиесі мен дамуына көңіл бөлінуі керек. Діни сауатын ашуы және дін жолын ұстануы — ол жеке адамның еркінде.

Ата-ана баланы дінмен шектеп, байлап тастамауы қажет. Қазір балиғат жасына толмаған қыз балаларына орамал таққызып, хиджабқа дайындай бастайтындар да жоқ емес. Бірақ, 5-6 жасар ойын баласы мұны қалайды ма? Оған діни білім берсін, намазды үйретсін, парызын айтсын. Таңдау оның өзінде болуы тиіс. Ақылы толып, жаман мен жақсыны танитындай жасқа жеткенде оған таңдау мүмкіндігін ұсынуы тиіс.

Бұл тұста қоғам пікірі де екіге бөлінді. Бірі ата-ана қалауымен хиджаб киіп, қаласа баланы жеке оқыту қажеттігін айтса, ендігі бірі дінді қолдайды, бірақ бәрі өз орнымен болуы тиіс деп санайды екен. Балаларға «ерте діни білім беремін» деп кей ата-аналар балиғат жасына толмаған қыз балаға хиджаб кигізіп, ер балаға бірнеше тыйым салып тастайды. Мектеп формасына байланысты білім министрлігінің 

2016 жылғы бұйрығына сәйкес мектеп формасына қойылатын талаптар бар, білім стандартын бекіткен еді. Ал формада «орамал» жоқ. Сондықтан бұл заң кей ата-аналардың ашуына тиіп, балаларын мектепке жібермей қойған кездер де болды. Дегенмен, әрбір бала ел болашағы екенін және олардың емін еркін білім алуна шектеу қоюға болмайтынын атап өткен жөн.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago