Categories: Қоғам

Дипломы бар жастар Еуропаның даласында пияз теріп жүр

Мәжілістің жалпы отырысында Нартай Сәрсенғалиев жұмыссыздық мәселесін көтерді.

Қазақта «Қолыма жұмыс бергенің —жаныма тыныс бергенің» деген сөз бар. Бірақ, қазір Қазақстан халқының тынысы тарылып, қыларға қызмет таппай жүр. Себебі, жұмыссыздық деген жегі құрт барлық салаға дендеп енді, тәжірибелі маман болсын, енді ғана ЖОО-ны тәмамдаған адам болсын екі қолға бір күрек таппай қиналады.

Біздің елдегі статистика деген құдырет өтіріктен өрнек тоқуды доғармай тұр. Соңғы үш жыл бойы Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының небәрі 4,9 проценті, яғни 450 мың адам жұмыссыз дейді.

Бұл тек жұмыспен қамту орталығына арнайы өтініш бергендердің есебінен шыққан дерек екенін құзырлы орындар ескермейді. Салдарынан Қазақстан халқының көбі жалықысы жақсы, табысы тәуір жерде қызмет қылып жатқандай көрінеді.

«Оқу грантын көбейттік» деп көп есеп беретін билік, сол мамандар ЖОО-ны тәмамдағанда қайда барып қызмет қылатынын тіптен ойламайды. Нақты дерек, 2025 жылы мемлекеттік білім гранты 75 мыңға жетпек. Оған ақылы оқитын жүздеген мың студентті және қосыңыз.

Бірақ осынша маманды жұмысқа қабылдайтын еңбек нарығы бар ма? Табақтай диплом ұстаған жастар ертең қайда барып қызмет қылады?

Қазақстандық жастардың 40 проценті мамандығы бойынша жұмыс істемейді, ЖОО түлектерінің 30 проценті бірден жұмыс таба алмайды. Аталған мәселемен күресудің орнына салалық министрлік бір реттік грант, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, жастар практикасы деген науқандық шаралармен ғана жүр.

Жастар елдегі жұмыс күшінің 40 пайызын құрайтынын ескеріп, Үкімет оларды тұрақты жұмыспен қамту мәселесін шешкенде Қазақ жастары Кореяға қара жұмысқа кетпес еді, Еуропаның даласында пияз теріп ақша тауып жүрмес еді.

Қазір елімізде 6 миллионнан астам жастар бар.

NEET жастардың саны 422 мыңға жетті. Олармен де нақтылы жұмыс жасалып жатқан жоқ. Бір реттік кей жобалардың нәтижесін білу тіптен қиямет. 2022 жылы Ұлттық қордан «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жобаны жүзеге асыру үшін жас кәсіпкерлер мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға грант беруге 69,2 миллиард теңге бөлінген. Бірақ оның 6,9 миллиард теңгесі игерілмеген. Бұл да жұмысты жүйелеуде кеткен қателік.

Ең қызығы, Жоғары аудиторлық палата жас кәсіпкерлерге жаңа бизнес идеяларды іске асыруға гранттар беру және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға гранттар беру іс-шарасының нәтижесін бағалау мүмкін емес депті. Нәтижесін бағалау мүмкін болмаса Ұлттық қордан несіне қыруар қаржы бөлінді?

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago