Сол жақта М.Мырзағалиев, оң жақта Ә.Мағауов
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен энергетика вице-министрі Әсет Мағауовқа дизель отыны проблемасына байланысты қатаң сөгіс жарияланды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Компания басшысы мен энергетика вице-министрі дизель отынына байланысты уақтылы шара қабылдамағаны үшін жазаланды.
Уақытында тиісті шаралар қабылдамағаны үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы М.Мырзағалиев пен энергетика вице-министрі Ә.Мағауовқа қатаң сөгіс жарияланды. Сонымен қатар, тәртіптік жазалау шаралары қабылданып, Энергетика министрлігі мен ҚМГ компаниясының бірқатар жауапты қызметкерімен еңбек қатынасы бұзылды,
делінген хабарламада.
Еліміздің барлық өңірін дизель отынымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Оған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жетекшілік етеді. Комиссия Үкімет басшысының тапсырмасымен арнайы құрылған. Оның құрамына жауапты мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері кірді.
Комиссия елімізде жанармай жетіспеушілігіне әсер еткен факторларды анықтады. Мәселен, негізгі себептердің бірі отын тұтынудың айтарлықтай өсуі болып отыр. Бірінші кезекте шетелдік транзиттік көлік отынды көп тұтынады. Екінші себеп – бағаның айтарлықтай айырмашылығына байланысты Қазақстаннан көршілес елдерге дизель отынының жіберілуі.
Мысалы, Қазақстанда дизельдің бір литрі – 230-260 теңге, ал Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдегі жанармай бекеттеріндегі баға 440 теңгеге дейін жетеді,
делінген хабарламада.
Отандық мұнай базалары дизель отынын бөлшек сауда құнынан жоғары бағамен сатқан. Бұл өңірлерде отын сату көлемінің қысқаруына әкелді. Өйткені оны сатып алу жанармай бекеттері үшін тиімсіз болды.
Оған қосаа, «ҚазМұнайГаз», Petrosun компаниялары және мұнай өңдеу зауыттары тарапынан өндіру, маркетинг және логистикаға қатысты жүйелі кемшіліктер мен олқылықтар анықталды.
Жағдайды қалыпқа келтіру және жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығын толық қамтамасыз ету үшін бірқатар жедел және ұзақ мерзімді шара қабылданды:
— дизель отыны өндірісінің көлемі биыл 5,2 млн тоннаға дейін ұлғайды, бұл 2021 жылға қарағанда 340 мың тонна көп;
— мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жөнелту көлемі ұлғайтылды;
— «Самұрық-Қазына» қоры және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен дизель отынының қосымша көлемін жеткізу туралы келісімге қол қойылды;
— Шымкент МӨЗ-дің өндірістік қуатын кеңейту жоспарланған;
— 2023 жылдан бастап МӨЗ жұмысының жаңа схемасына кезең-кезеңмен көшу жоспарланып жатыр, оның аясында мұнайды зауыттарға тікелей жер қойнауын пайдаланушылардың өзі жеткізеді немесе мұнай МӨЗ-ді тікелей сатып алу жолымен жеткізіледі.
Сонымен қатар, Энергетика министрлігі мен жанармай бекеттерінің ірі желілерінде колл-орталықтар ашылды. Онда қазақстандықтар бағаны негізсіз көтеру және жанар-жағармай материалдарын сатудан бас тарту фактілері туралы хабарлай алады.
Бұл мәселе Үкіметтің ерекше бақылауында екені айтылды. Қыркүйек айының басында жағдай тұрақталады деп күтіліп отыр.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…