Дизель тапшылығы мен бағасының өсуіне кім кінәлі? Смайылов сөгіс берді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» тарапынан логистика, мұнай өңдеу зауыттарынан өнім жөнелту, өңірлерге қажет мұнай өнімдері көлемі бойынша нақты үйлесім жоқ екенін айтты.

Сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» компаниясы мұнай өңдеу зауыттарына цистерналарды уақтылы жеткізбеген және мұнай өнімдерін өңірлерге тасымалдау үшін вагондарды беру кестелерін түзетпеген. 

Тыйым салынғанына қарамастан, бензин мен дизель отыны басқа тауарлар ретінде сыртқа шығарылып отырған. Мысалы, пешке арналған отын экспорты 11 есе өскен. Демек, Энергетика министрлігі бұған тиісінше бақылау жүргізбеген,

деп айтып өтті Премьер-министр осы тақырыптағы кеңесте.

Премьер-министр «ҚазМұнайГаз» компаниясының салғырттығынан жер қойнауын пайдаланушылар болып есептелмейтін жеке компаниялар мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеп, кейін ол жоғары бағамен сатылып отырғанын айтты. 

Әлихан Смайыловтың айтуынша, өңірлердегі жеңілдікті жанар-жағармай операторларына қойылатын біліктілік талаптары мен оларды айқындау тетігі жоқ, бұл белгілі бір компанияларға «артықшылық берілуіне» жағдай жасайды. Оған қоса, Энергетика министрлігі жеңілдікті жанармайдың шекті құнын белгілемеген. Сондықтан баға оператордың қалауы бойынша қойылады.

Бұл фактілердің барлығы өңірлерде дизель отынының жасанды тапшылығына және бағаның күрт өсуіне әкеп соқты,

деді Премьер-министр.

Үкімет басшысы уақтылы шараларды қолданбағаны үшін Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз», «Petrosun» ЖШС және АМӨЗ лауазымды тұлғаларына қатаң сөгіс жарияланғанын мәлімдеді. 

Әлихан Смайылов басы артық делдалдар болмауы үшін маржаның шекті сомасы мен соңғы құнын белгілей отырып, ауыл шаруашылығы өндірушілерін жеңілдікті жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелерін нормативтік тұрғыдан реттеуді тапсырды.

Аудандар мен шалғай елді мекендерде жанармай құю станциялары бар компанияларға басымдық берілугк тиіс

деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр мынадай тапсырмалар берді:

  • жанармайдың мұнай өңдеу зауыттарынан өңірлердегі сақтау орындары мен жанармай құю станцияларына дейінгі оңтайлы логистикасын қамтамасыз ету;
  • егін егу және жинау науқаны кезінде жанар-жағармай тасымалдау үшін теміржол тарифтерін төмендету мәселесін қарау;
  • бағаның негізсіз өсуіне және мұнай өнімдерінің сыртқа тасымалдануына жол бермеу үшін мұнай базалары мен ұсақ жанармай құю станцияларына бақылау жасау жөніндегі өңірлік комиссиялар құру.
Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago