Әлеуметтік желіге шолу

«Домбыра – харам». Белгілі айтыскер домбыраға үкім шығарған қызды жазалауды талап етті

Орамал тартқан белгісіз қыздың домбыра тартуды күнә екенін айтқан бейнежазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Аталмыш видеоға қатысты белігілі айтыскер Айшолпан Тілеутай ойын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада қыз өзінің 5 жыл бойы домбыра тартқанын атап өтіп, алайда оның күнә екенін енді түсінгенін айтады.

Ақыретке ұлтымызбен, ұлтшылдығымызбен өтпейміз, иманымызбен, некемізбен өтеміз. Мен домбыраға 5 жыл қатыстым. Домбыра тартқаным YouTube желісінде бар. Мектеп кезінде дін туралы білген жоқпын. Күні кешеге дейін домбыра тарттым. Бірақ домбыра – харам. Жүрекке тиді, кір екені білінеді,

дейді видеодағы қыз.

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай домбыра қанша ғасырдан бері келе жатқанын ұлтымыздың төл өнері екенін айтты.

Бабаларымыздың қанша ғасыр бойы жинаған құндылықтарын бір сәтте жоққа  бұл шығаратын қандай дін? Түсінбедім. Ақыретке иманымызбен өтеміз. Ұлтымызбен өтпейміз дейді. Мына қыздың басы әбден айналып, қиял әлеміне ұшып кетіпті. Алла не үшін бізді әр түрлі ұлт етіп жаратты? Қазақтан бала туылғанда түрі де, сарқырап аққан қаны да, ата- бабасынан берілген гені де, қазақ деп тұрмайды ма? Бұл ақиқаттан сен бас тарта алмайсың. Ал, дінге келсек Құранның қай жерінде домбыра харам деп жазыпты? Қандай дәлелмен сөйлеп отыр бұл қыз? Ғалымдардың айтуынша құранда 6236 аят болса, соның 550 аятының сырын ғалымдар ашыпты. Оның бір ғана негізі бар. Сен Құдай алдына барғанда жүректің тазалығын ғана сұрайды. Домбыра есірген адамды жөнге салса, жүрекке тыныштық пен мейірім сыйласа, жүрек тазалығы мен еміне құрал болса, бұның несі харам?

Оның айтуынша, мұндай үкім айту үшін діни сауаттың болуы міндетті екенін түсіндірді.

Өздеріңіз білесіздер діни сауатты уағызшылардың арнайы рұқсат қағазы болу маңызды. Бұл қағаз үшін адамдар қанша жыл үздіксіз білім алады ненің ақ, ненің қара екенін таныған сауатты, білімді, адамдар ғана алады. Домбыра ол жәй ғана музыкалық аспап емес,ол біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Домбыра қазақтың жүрегі!

Діні бар да, ұлты жоқ,

Сақалы бар да, мұрты жоқ.

Теке сақал, қырма мұрт,

Елдің түбіне сол жетер…

деп ойын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының сөзімен аяқтады ақын.

Мына қыз секілді әркім келіп, не білімі, не өмірде көргені жоқ өзге ағымдағы азғындаушы адамдардың сөзін жаттап алып, халыққа өтірікті шындай айтатын адамдарға мемлекеттің құзырлы органдары неге жаза қолданбай отыр.

Кейінгі кезде жанымыздың бір бөлшегі, домбырамызға  жан-жақтан шабуылдар көбейді. Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы. Қазақтың рухын алу үшін бірінші домбырасын алу керек. Ал біз рухымызды, ұлтымызды, домбырамызды ешкімге бермейміз, таптатпаймыз!

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago