Categories: Руханият

Ұшаққа кіргізе алмай жүріп, домбыра күнін тойлауымыз қалай

Fly Arystan-ға домбыраны кіргізу үшін бөлек орын сатып алу керек екен.

Ережеге сай, билетті сатып алу кезінде аспапқа ұшақ бортында бөлек орын сатып алу арқылы тасымалдай алады. Бұл тәжірибе борттағы барлық 188 жолаушыға қолжүгін орналастыру мүмкіндігін беру қажеттілігіне, сондай-ақ құралдың бұзылуын/бүлінуін болдырмау үшін қолданылады. Жолаушылар салонында музыкалық аспаптарды тасымалдау туралы қосымша ақпаратты алу үшін және сұранымдарыңызды жіберу үшін special.services@flyarystan.com бөліміне немесе FlyArystan байланыс орталығына хабарласуыңыз қажет, деп жазды компания.

Билетті сатып алмас бұрын жолаушы арнайы қызмет бөліміне немесе байланыс орталығына хабарласуы керек екен.

FlyArystan еліміздің дәстүрлері мен құндылықтарына, сонымен бірге ұлттық аспаптарына үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар отандық музыкалық ансамбльдерін қашанда қолдайды, алайда әуекомпания ережелері барлық жолаушылар үшін теңдей.

Айта кетейік, бұған дейін  жас айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Fly Arystan бортсеріктері ұлттық аспапты ұшаққа кіргізбей қойғанын айтқан болатын. Қызметкерлері «домбыраны ұшаққа кіргізбейсің» деп ақын қызды жұлқылаған еді. Бірақ ол бортсеріктердің талабына көнбей, сонда да домбырамен ұшаққа отырған.

Дәл осындай жағдай Ақтаудан ұшқан SCAT авиакомпаниясымен де орын алған еді. Ол кезде жолаушыны домбырамен бортқа жібермей қойған. Қол жүгі ретінде музыкалық аспапты тасымалдау мүмкін емес. Өйткені рұқсат етілген габариттер 55х40х20-дан асып кеткен екен. Музыкалық аспап үшін ересек адамға арналған билет бағасы бойынша бөлек орын сатып алыңыз деген авиакомпания өкілдері.

Бір домбыра үшін 100 мың теңге бөлек орын сатып алу керек деп айтқылары келе ме? Сандырақ қой бұл. Не сұмдық?

деп жазды халық.

Кейіннен Мәжілісте осы жағдайға байланысты депутат  Ринат Зайытов әуежайларға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі арқылы дұғай-дұғай сәлем жолдады.

Домбырамызды ұшаққа кіргізе алмай жүріп, домбыра күнін тойлауымыз қалай?

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылы шілдеде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды құттықтады. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген қара домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналдырайық деді. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз деді. Дәріптеу үшін ең алдымен сыйлай білу керек шығар. Өзіміз сыйламасақ, басқасынан қайыр жоқ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago