Белгілі саясаттанушы Дос Көшімнің Facebook желісінде жаңа Қазақстанның алғашқы және бұрын-соңды болмаған «жетістігі» туралы айтылған жазбасы пайда болды. Ол түрлі ақпараттар ағынын қарап отырып, өзін таң қалдырған бір деректермен бөліскен деп хабарлайды ZTB порталы.
«Мені таң қалдырған жаңалық — Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов мырзаның өткен жылғы инфляция туралы берген мағлұматы болатын. Бас банкирдің айтуынша, 2022 жылғы инфляция 20,3 пайызды құрапты. Ал азық-түлік бағасының өсуі 25,3 пайызға жеткен көрінеді.
Соның алдында «Украина шындығы» сайтын қарап шыққан болатынмын. Сондағы ақпарат есіме түсіп, сол сайтқа қайта оралдым. Оралдым да, өз көзіме өзім сенбедім. Украинаның 2022 жылғы инфляция көлемі — 26,6 пайыз екен! Мүмкін емес.
Айдың күні аманда біздің мамыражай еліміздегі инфляция, он бір ай қанды қырғынның ортасында отырған, жүздеген зауыт-фабрикалары жермен-жексен болған, энергетика көздерінің тең жартысы істен шыққан, территориясының бестен бірі оккупацияға түскен, экономиканы майдан қажеттілігіне бейімдеуге мәжбүр болған, миллиондаған азаматтары шет елге қоныс аударған елдегі инфляция көлеміне жақындап қалыпты.
Құдайға шүкір, бізде бәрі тыныш. Жұт болған жоқ, жер сілкініп, қалаларымыз қираған жоқ, мұнайымыз таусылған жоқ, керек десеңіз, егініміз де биыл бітік шықты. Бірақ, неге екені белгісіз, қымбатшылық басып, тіршілік қысып барады. Неге екені белгісіз, тозақтың ортасында тұрған Украинаға да жетіп қалыппыз. Кім жауап береді? Әлде бұл да «мемлекеттік құпияға» жатады ма? Қысқасы, бәрі де салыстырудан көрінеді екен.
Бұл «Жаңа Қазақстаннның» алғашқы және бұрын-соңды болмаған «жетістігі». Алла қазаққа жер де, мал да, жер астының байлығын да, еңбекқор халық та берді. Бірақ, сол байлықты игеріп, халықтың ырысына айналдыратын, ел басқаруға лайықты ақылды адамдарды бермепті», — делінген жазбада.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…