Categories: Қоғам

Досаев алматылықтардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады

Алматы әкімі Ерболат Досаев 13 шілдеде Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қаланың екі негізгі магистральдық жолы неге жөндеуге жабылғанын түсіндірді. 

Тұрғындардың бірінің сұрағына жауап бере отырып, қала басшысы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады және тұрғындарға түсіністік танытқандары үшін алғыс айтты.

Әл-Фараби даңғылы 2010 жылдан бері, Абай даңғылы 2012 жылдан бері орташа жөндеуден өткен жоқ. Әдетте жөндеу аралықтарының циклі бестен, кейде 7 жылға дейін созылады. Әл-Фараби бойынша екі жөндеу аралық мерзімді өткізіп алдық. Мамандардың бағалауынша, егер осы магистраль жолдарды биыл жасамасақ, онда қыстан аман қалмаймыз,

деп түсіндірді Досаев.

Ол жөндеу жұмыстарының барысын жеке өзі бақылайтынын атап өтті. Алғашқы мүмкіндік пайда болғаннан кейін әкімдік Сырғабековтен Есентай көпіріне дейінгі жолды ашты.

Кептеліс пайда болған басты учаскелер – Әл-Фараби мен Жароковтың қиылысы. Барлық жұмысты алты бөлімге бөлдік. Бірақ өзіңіз жүретін жол инфрақұрылымына қарасаңыз, Дулатиде апаттық жолдар жоқ, сондықтан кері қозғалыс жасай алмаймыз.  Гагарин қазір жабық және жасыл желектермен қоршалған,

деді Алматы әкімі.

Мегаполис басшысы 2gis және «Яндекс карталарында» барлық ақпаратты жаңартатынын айтты. Сондай-ақ қалалық ұтқырлық басқармасы маршруттардағы өзгерістер туралы хабарлады.

Кеше Әл-Фараби мен басқа жерлерге бардым, негізінен қозғалыс жақсарды. Менің ойымша, мұндай сұрақтар енді туындамайды. Түсіністік үшін тағы да алғыс айтқым келеді,

деп қорытындылады қала басшысы.

Алматылықтар көшелерде жаппай жөндеу жұмыстары болып жатқанына наразылық білдірді. Алматы әкіміне қарсылықтар көбейіп, оның отставкаға кетуін талап ететін петиция жарияланғаны хабарланған еді. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago