Categories: Қоғам

Досаев бастаған жөндеу жұмыстары қазанда аяқталады

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әл-Фараби даңғылындағы кептеліске қатысты пікір білдірді. Қаладағы екі үлкен даңғылдың бойында бір мезетте жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл тұрғындарға қолайсыздық тудырып,  кептелістің көбеюіне әкелді.

6 маусымнан бастап Әл-Фараби даңғылындағы «Есентай» өзені арқылы өтетін көпірді кеңейту жұмыстары басталды. Осы жоба аясында жолдың екі жағынан ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандустармен жабдықталған екі вело-жаяу жүргіншілер көпірі салынып жатыр. Көпірді кеңейту – 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін, вело-жаяу жүргіншілер көпірлерінің құрылысы 2023 жылдың 15 қазанына дейін аяқталады. Ауданның жол инфрақұрылымын жақсарту үшін 23 көшеге, оның ішінде ұзындығы 27,5 км 2 магистральды көшеге орташа жөндеу жүргізу көзделген.

Биыл маусым айынан бастап 2 магистральды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол 1 қыркүйекке дейін аяқталмақ.

Бұған дейін жөндеу жұмыстары Әл-Фараби даңғылында 2010 жылы, Абай даңғылында 2012 жылы жүргізілген.Сондай-ақ маусым айынан бастап 3 көшені орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қалған 18 көшеде жұмыстар 15 шілдеден басталады. Барлық жұмыстар биыл қазанға дейін аяқталады.

Децентрализация аясында аудан әкімдігі маусым айынан бастап аудан көшелері мен жол өткелдеріндегі шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Барлығы 500 млн теңгеге жалпы ауданы 60 мың шаршы метрді жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 4,0 мың шаршы метр асфальт төселді.

Ол қалада жөндеу жұмыстарына байланысты туған қолайсыздықтарға  түсіністікпен қарауды сұрады.

azattyq-ruhy.kz
azattyq-ruhy.kz
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago